21.09.2010, 15:59 4047

Азық-түлік корпорациясы шаруалардан 44 мың тонна астық сатып алды - АШМ

бүгінгі күнде "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ҰК" АҚ шаруалардан 44 мың тонна астық сатып алды. Бұл туралы бүгін online-конференциясы барысында ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 21 - қыркүйек. Kazakhstan Today - бүгінгі күнде "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ҰК" АҚ шаруалардан 44 мың тонна астық сатып алды. Бұл туралы бүгін online-конференциясы барысында ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгінгі күнде "Азық-түлік корпорациясы" шаруалардан 44 мың тонна астық сатып алды. Бұл процесс жүріп жатыр және де одан әрі жалғасатын болады",- деді Е. Аман.

"Астық сатып алу бағасының көтерілуіне қатысты мәселеге тоқталсақ, баға көтерілмейді",- деп атап өтті ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, "КазАгро" Ұлттық басқару холдингі" АҚ шаруалардан бір тоннасын 26 500 теңгеден 2 млн тонна астық сатып аламақ.

"ҚазАгроның" хабарламасында, сатып алудың қаржы көзі холдингке республикалық бюджеттен ұсынылған қаржы, сонымен қатар "ҚазАгроның" өз қаржысы болып табылатындығы айтылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны