Система Orphus

Бүгінгі күні елмізде жалпы қуаты 1260 МВт болатын ЖЭК 97 нысаны жұмыс істеуде.

29.04.2020, 11:22 4942

Алматы. 29 сәуір. Kazakhstan Today - KAZAKHINVEST қолдауымен Қазақстанда $ 1,1 млрд болатын 19 жоба жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күні елмізде жалпы қуаты 1260 МВт болатын ЖЭК 97 нысаны жұмыс істеуде. Бұдан бөлек, қазіргі таңда KAZAKH INVEST қолдауымен $1,1 млрд болатын 19 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 9 жобаны 2020 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жалпы, ағымдағы жылы электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесін 3% - ға, 2030 жылға қарай 10% - ға, ал 2050 жылға қарай 50% - ға жеткізу міндеті тұр. Айта кету керек, шағын және орта бизнес энергия үнемдейтін технологияларды енгізу және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану кезінде қаржылық қолдау ала алады.

"Жасыл" электр энергиясын өндіру көлемінің айтарлықтай өсуі 2019 жылғы қызметтің нәтижесіне байланысты. Өткен жылы ЖЭК объектілері 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 77,8% өсіммен 2,4 млрд.кВт сағ "жасыл" энергия өндірді. Сонымен қатар, қуаты 500 МВт-тан астам ЖЭК саласында 21 жоба жүзеге асырылып, $613 млн инвестиция тартылды.

Оның ішінде "KAZAKHINVEST "ҰК" АҚ қолдауымен Италия, Германия мен ҚХР инвесторларымен жалпы сомасы $405 млн. құрайтын 6 жоба жүзеге асырылды, олар "Dera", "Solarnet Investment GmbH.", "UniversalEnergy" және "Risen Energy", " ENI " және т. б.

"Жаңартылатын энергия көздері саласының тартымдылығы жылдан жылға артып келеді. Бүгінгі таңда ЖЭК-бұл елді "жасыл" энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, біздің азаматтар үшін жұмыс орындарын ұсынатын елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды аспектісі. Бір сөзбен айтқанда, бұл сала Қазақстанның ағымдағы қажеттіліктері мен технологиялық мүмкіндіктерін ескере отырып, одан әрі даму мен өсу үшін үлкен әлеуетке ие. ЖЭК дамыту механизмі туралы айта келе, нормативтік-құқықтық базаны айтарлықтай жетілдірумен қатар қарқынды жолдан өтті", - деп атап өтті "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ ЖЭК бойынша жобалау менеджері Әлия Салимжуарова.

2017 жылға дейінгі кезеңде елімізде тиянақталған тарифтер қолаһданылатын. Ол 2019 жылы "дайын жобалық құжаттамамен" аукциондарын енгізе отырып, аукциондық сауда-саттық тетігін алмастырды. 2019 жылғы қарашада "дайын жобалық құжаттамамен" алғашқы аукцион өтті, нәтижесінде электр энергиясына бәсекелестік құны - 1 кВтс үшін 12,49 теңгеге жетті.

Бүгінгі аукциондық сауда-саттық жыл сайынғы негізде ҚР ЭМ сайтында жарияланатын аукциондық сауда-саттық кестесіне сәйкес KOREM аукциондарын ұйымдастырушының (электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы) ашық электрондық сауда жүйесінде өтеді.

Кестеде ұсынылған жер учаскелері, энергия беруші ұйымдардың желілеріне қосылу нүктелері, сатып алынатын белгіленген қуат көлемі, ЖЭК технологиясының түрі, шекті аукциондық баға, жобаның көлемі, аукцион үлгісі, ҚР БЭЖ аймақтары бойынша ЖЭК объектісінің орналасуы, аукционды өткізу күні мен уақыты туралы ақпарат қамтылған.

Қазақстанда ЖЭК саласына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетуде. Осы саладағы қатынастар "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Заңмен, "Электр энергетикасы туралы" Заңмен және басқа да құқықтық актілермен реттеледі.

Заңнама шеңберінде ЖЭК объектілері өндірген электр энергиясын кепілді орталықсыздандырылған сатып алу және сату көзделген,оны "ЖЭК қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" ЖШС-ның бірыңғай сатып алушысы жүзеге асырады. Электр энергиясын сатып алу шартын жасасу кезінде "жасыл" энергияның барлық көлемін аукциондық бағалар бойынша 15 жыл ішінде сатуға кепілдік беріледі. Бұл ретте, электр энергиясын өндірудің екінші жылынан бастап аукциондық бағалар жыл сайын индекстеледі: айырбасталатын валюталарға теңге бағамының өзгеруіне 70% және тұтыну бағаларының индексіне 30%.

Қазақстанда ЖЭК объектілері заңды тұлғалар үшін мүлік салығы бойынша жоғары төлемдер сияқты проблемамен кездеседі, себебі ЖЭК жобаларына жұмсалған шығындардың 80% электр станциялары үшін қымбат тұратын импорттық жабдықтарды сатып алуға бағытталады.

Қазақстанда ЖЭК дамуының маңызды қадамы осы саланы басым инвестициялық жобалар тізіміне енгізу болды. "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ сарапшыларының қолдауымен инвесторлар ҚР СІМ инвестиция комитетімен инвестициялық келісімшарт жасасу аясында бірқатар салықтық және кедендік жеңілдіктерді ала алады.

Атап айтқанда, инвесторлар шетелдерден қымбат құрал-жабдықтарды әкелу кезінде кедендік баж салығын төлеуден босата алады, мемлекеттік заттай ганттар бере алады, КТС, жер салығы және жаңа өндірістер құру үшін мүлік салығы сияқты төлемдерден, сондай-ақ өндірісті жаңарту немесе кеңейту жағдайында 3 жыл мерзімге корпоративтік табыс салығынан босата алады.

Қазақстанда шағын және орта бизнес өкілдерде энергия үнемдеу технологияларын дамытуға және жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бойынша жобаларды іске асыруға қаражат алуға мүмкіндік бар. Елде қаржыландырудың тиісті бағдарламасын Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) қаржылық қолдауымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта БҰҰДБ Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-мен бірлесіп келесі бастамаларды жүзеге асырады: қалаларды төмен көміртекті дамыту және ЖЭК шағын жобаларын іске асыру.

Бірінші бастама аясында жылу және сумен жабдықтау, су бұру, қоғамдық және көп пәтерлі тұрғын үйлер, көше және ішкі жарықтандыру жүйелері және т. б. сияқты қала шаруашылығы салаларында энергия ресурстарын үнемдеуге алып келетің жобалары бар бизнес өкілдерін қаржылық қолдау тетіктері қарастырылған. Қатысушыларға несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін 10%-ға төмендету, инвестициялық субсидия түрінде несие бойынша негізгі борышты 40%-ға дейін есептен шығару, сондай-ақ "Даму" КДҚ" АҚ арқылы ЕДБ-дан кредит алу үшін кепілдік беру арқылы қаржыландырудың жеңілдікті шарттары беріледі.

2020 жылдың наурыз айының соңында 30-дан астам компания осы қолдау шараларын пайдаланып, жалпы сомасы $10 млн болатын 37 жобаны іске асырды. Олард коммуналдық жылумен жабдықтау, жарықтандыру, су тұтыну, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды салу және қайта жаңарту, қоғамдық көлік және т.б. секторларды қамтиды.

Мысалы, "Transport Tower" әкімшілік-технологиялық кешенінде жарықтандыруды жаңғырту бойынша пилоттық жоба шеңберінде банкте қаржыландыру алу үшін 50% кепілдік және 10% мөлшерінде субсидиялау берілді. Бұл жоба энергияны жылына 508 мың кВт*с мөлшерінде үнемдеуге және босаған энергияны болашақта энергияны үнемдеумен қамтамасыз етілген жаңғыртуға бюджеттен тыс инвестициялар есебінен қалалық инфрақұрылымның басқа объектілеріне қайта бөлуге мүмкіндік берді.

Қызылорда облысының Шиелі қаласындағы 9 мектепте жылумен қамту жүйесін жаңғырту - төмен көміртекті жоба үшін жеке инвестицияларды субсидиялаудың тағы бір мысалы. Отынды табиғи газға ауыстыра отырып қазандықтарды жаңғырту парниктік газдардың эмиссиясын 3,2 мың тонна СО2 төмендетуге ғана емес, сонымен қатар жыл сайын отын сатып алуға 62,3 млн.теңге үнемдеуге мүмкіндік берді.

ЖЭК шағын жобаларын іске асыру жөніндегі бастамаға келетін болсақ, қаржылық қолдауды ШОБ өкілдері қызмет түрі бойынша және орналасқан жері бойынша шектеусіз ала алады. Бұл жобаға қатысушылар сондай-ақ төмендетілген банктік пайыздық мөлшерлемеге және инвестициялық субсидияларға 25% - ға дейін ала алады.

БҰҰДБ жобасы белсенділігінің 70%-ы ЖЭК шағын жобаларын дамытуды ынталандыруға бағытталғанын атап өткен жөн. 2019 жылы БҰҰДБ ҚР Энергетика министрлігіне осы перспективалық бағытты дамыту үшін ағымдағы заңнаманы өзгерту бойынша бірқатар ұсыстар еңгізді.

Жыл басынан бері Қазақстанда ЖЭК саласында 6 жобасы іске асырылды. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің болжамына сәйкес 2020 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК өндіру шамамен 3 млрд кВт*с құрайды.

Өз кезегінде, бүгінгі күні KAZAKH INVEST қолдауымен жалпы қуаты шамамен 1000 МВт болатын жалпы сомасы 1,1 млрд. астам болатын ЖЭК-тің 19 жобасы іске асырылуда.

Бүгінгі таңда Қазақстанда жалпы қуаты 1260 МВт болатын ЖЭК 97 объектісі жұмыс істейді. Оның 697 МВт күн электр станцияларына, 336 МВт жел электр станцияларына, 224 МВт гидроэлектр станцияларына тиесілі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны