09.12.2015, 14:54 3914

Б.Сағынтаев "Doing Business" рейтингісінде ҚР-ныӊ позицияларын жақсарту мәселелері жөнінде кеӊес өткізді

ҚР Премьер-Министрініӊ Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Алматыда "Doing Business" рейтингісінде Қазақстанныӊ позицияларын жақсарту мәселелері жөнінде кеӊес өткізді

Астана. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрініӊ Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Алматыда "Doing Business" рейтингісінде Қазақстанныӊ позицияларын жақсарту мәселелері жөнінде кеӊес өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгін, 9 желтоқсан, ҚР Премьер-Министрініӊ Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Алматыда Қазақстанныӊ бәсекеге қабілетті 30 елдіӊ қатарына енуі және "Doing Business" Дүниежүзілік банк рейтингісінде позицияларын жақсарту бойынша ҚР Президенті Н.Назарбаевтыӊ тапсырмалары аясында жүргізілген реформаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеӊес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

"Doing Business" бизнес жүргізуге жағдайдыӊ жайлылығы рейтингісінде Қазақстан 2015 жылы әлемніӊ 189 елініӊ арасында 41 орынға ие болды.

Дүниежүзілік Банк Қазақстанды реформаларды еӊ көп жүргізген мемлекет ретінде атап өтті, он бағыттыӊ жетеуінде 19 реформа жүргізілген.

"Doing Business" рейтингісінде Қазақстанныӊ позицияларын жақсарту аясында бизнестегі рәсімдер санын, мерзімдерді және қаржылай шығындарды қысқартуға бағытталған заӊнамаға үш пакет түзетулер қабылданды. Бизнес жүргізу жағдайын жеӊілдету саласындағы реформаларды имплементтеу бойынша жұмыс жалғасады. Қазіргі таӊда заӊнамалық түзетулердіӊ төртінші пакеті жасақталуда.

Рейтингтегі еліміздіӊ позицияларын одан әрі жақсарту үшін арнайы жұмыс тобы аталған бағытта жүргізілген барлық реформаларды жүзеге асыруға мониторинг жүргізген болатын. Оныӊ нәтижесінде кедендік рәсімдеу, кәсіпорынды тіркеу кезінде банк шотын ашу, меншікті және құрылысты тіркеу және басқа да салаларда бірқатар проблемалы мәселелер анықталды.

Кеӊес қорытындысы бойынша Б.Сағынтаев Алматы әкімдігіне "Doing Business" рейтингісініӊ бағыттарына жауапты мемлекеттік органдармен бірге аталған мәселелерді шешіп, келешекте оған жол бермеуді тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны