16.04.2014, 20:09 3434

Банк секторындағы жағдай тұрақты - ҚР Ұлттық банкі

"Ұлттық банк экономиканың долларлануын қысқарту үшін шаралар кешенін қабылдады. Аталмыш бағдарламаны уақыт келгенде Үкіметпен бірігіп қабылдаймыз. Банк секторындағы жағдай тұрақты", - деді Қ. Келімбетов.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің отырысында Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетов 2014 жылдың 1 наурызындағы депозиттер мен несиелендіру жағдайын баяндады. Оның айтуынша, Банк секторындағы жағдай тұрақты.

"Ұлттық банк экономиканың долларлануын қысқарту үшін шаралар кешенін қабылдады. Аталмыш бағдарламаны уақыт келгенде Үкіметпен бірігіп қабылдаймыз. Банк секторындағы жағдай тұрақты", - деді Қ. Келімбетов.

Оның айтуынша, соңғы жылдары банкте активтер мен жеке капитал мейлінше өсті, ол елдің экономикалық дамуында банктердің рөлі өскендігін көрсетеді.

"2013 жылы халықтың депозиттерiнің өсуi жалғасты. Жалпы алғанда 2013 жылы депозиттер көлемi 10 трлн теңгеден артып, 13%-ға өстi. Ағымдағы жылдың 1 наурызындағы жағдайға сәйкес депозиттер көлемi 11 трлн теңгенi құрады, яғни жыл басынан өсiм 10%-дан сәл төмен болды", - дедi Қ.Келiмбетов.

Оның айтуынша, экономиканы несиелендiру көлемi 13%-ға артып, 11,3 трлн теңгенi құрады. 1 наурыздағы жағдайға сәйкес несиелендiру көлемi 12 трлн теңге болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны