03.10.2006, 18:54 3002

Банк жүйесіндегі депозиттерінің жалпы көлемі тамызда 7,5% артты

АЛМАТЫ. 3-қазан. Kazakhstan Today. Резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттерінің жалпы көлемі 2006 жылғы тамызда 2006 жылғы шілдемен салыстырғанда 2410,2 млрд. теңгеге дейін 7,5% (ағымдағы жылдың басынан бері 45,8%) ұлғайды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР Ұлттық банкінен хабарлады.

Заңды тұлғалардың депозиттері 1604,8 млрд. теңгеге дейін 8,4%, жеке тұлғалардың депозиттері 805,4 млрд. теңгеге дейін 5,8% ұлғайды.

2006 жылғы тамызда ұлттық валютадағы депозиттер 1550,1 млрд. теңгеге дейін 3,5%, шетел валютасындағы депозиттер 860,1 млрд. теңгеге дейін 15,6% ұлғайды. Нәтижесінде теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 66,8%-дан 64,3%-ға дейін төмендеді.

Халықтың (резидент еместерді қоса алғанда) банктердегі салымдары бір айда 815,2 млрд. теңгеге дейін 6% ұлғайды. 2006 жылғы тамызда халықтың салымдарының құрылымындағы теңгедегі депозиттер 531,2 млрд. теңгеге дейін 1,9% өсті, ал шетел валютасындағы депозиттер 284 млрд. теңгеге дейін 14,6% ұлғайды. Нәтижесінде теңгедегі депозиттерің үлес салмағы 67,8%-дан 65,2%-ға дейін төмендеді.

Банктердің депозиттері бойынша ставкалар динамикасы мынадай өзгерістермен сипатталды. 2006 жылғы тамызда банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа алынған ставкасы 4,1% (2006 жылғы шілдеде - 4,1%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 9,6% (9,0%) болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны