16.07.2008, 19:22 2998

Бәсекелестікті қорғау агенттігі Қазақстанның мұнай өнімдері нарығындағы 30 ірі ойыншыны тексере бастады

Бәсекелестікті қорғау агенттігі Қазақстанның мұнай өнімдері нарығындағы 30 ірі ойыншыны тексере бастады

Астана. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Бәсекелестікті қорғау агенттігі Қазақстанның мұнай өнімдері нарығындағы 30 ірі ойыншыны тексере бастады. Бұл туралы бүгін ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің нарық субьектілерінің бәсекеге қарсы іс-әрекетін анықтау департаментінің директоры Рахат Тұрсынов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Илемдік нарықтағы қазіргі ағымға сай агенттік жанар-жағармай бағасының өсетіндігі болжаған. Дейтұрғанмен, бірқатар субъектілер жиын-терім науқаны мен азық дайындау секілді объективті себептерді ескеріп жанар-жағармай бағасын көтеріп жіберді", - деді Р. Тұрсынов.

Оның айтуынша, Бәсекелестікті қорғау агенттігі қазір Қазақстанның мұнай өнімдері нарығындағы 30 ірі ойыншыны тексеріп жатыр. "Тексерулер мамырдың аяғы мен маусымның басында басталған. Тексеру мерзімі - бір ай, бірақ, олар әр өңірде түрлі уақытта басталғандықтан, әзірге біз оның нәтижесін жариялай алмаймыз. Бағаны ымыраласа белгілеу дерегі болуы да, болмауы да мүмкін. Бірақ ондай дерек анықталған жағдайда агенттік іс материалдарын бірден сотқа өткізеді", - деді департамент директоры.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны