07.09.2018, 23:17 6909

"Баспана" Ипотекалық ұйымы "7-20-25" бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны арзандататын өнімдер әзірледі

Өнімдер Баспана және жергілікті атқарушы органдар арасындағы ынтымақтастыққа негізделіп, аталмыш санаттағы азаматтарға "7-20-25" ипотекасыныӊ алғашқы жарнасын екі есеге азайтуды қарастырады. Жергілікті атқарушы органдар облигациялар шығарады және халықтыӊ аталған санаты үшін бастапқы жарнаныӊ жартысын субсидиялауға міндеттенеді.

Алматы. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Баспана" Ипотекалық ұйымы жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне қаржылық жүктемені азайту мақсатында "Жас арман" және "Қамқор баспана" өнімдерініӊ әзірленгенін хабарлайды.

Өнімдер Баспана және жергілікті атқарушы органдар арасындағы ынтымақтастыққа негізделіп, аталмыш санаттағы азаматтарға "7-20-25" ипотекасыныӊ алғашқы жарнасын екі есеге азайтуды қарастырады. Жергілікті атқарушы органдар облигациялар шығарады және халықтыӊ аталған санаты үшін бастапқы жарнаныӊ жартысын субсидиялауға міндеттенеді.

Өз кезегінде Баспана әкімдіктер облигацияларын сатып алып, "7-20-25" бағдарламасына қатысатын банктермен халықтыӊ осы категориясын несиелендіруді қамтамасыз етеді.

"Біз "7-20-25" бағдарламасына жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлерініӊ қатысуына орасан зор мән береміз. Олар тарапынан алғашқы жарнаны жинаудыӊ қиындығы жөнінде көптеген пікірлер келіп түсті. Сол себепті, қолдау мүмкіндіктерін барынша қарастырдық. Мұндай әлеуметтік шешімдерді іске асыру үшін әкімдіктер тарапынан қолдау күтеміз", - деді "Баспана" Ипотекалық ұйымыныӊ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

"Жас арман" және "Қамқор баспана" өнімдері бірінші болып Шымкент қаласында пилоттық режимде жұмыс істей бастады. Тараптар тиісті Меморандумға 2018 жылдыӊ 3 қыркүйегінде қол қойған болатын. Меморандумға сәйкес Шымкент әкімдігі қайтарымды негізде бастапқы жарнаны субсидиялау үшін ағымдағы жылы 500 млн. теӊге және 2019 жылы 1,5 млрд. теӊге бөледі. Икімдіктіӊ қолдауы 2 мыӊға жуық жас отбасы мен бюджеттік сала қызметкерлерін қамтиды деп күтілуде.

Естеріӊізде болса, тамыз айыныӊ басында бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік қызметкерлердіӊ "7-20-25" бағдарламасына қатысу үшін алғашқы жарнаны жинау қиындықтарына тап болып, шағымданғаны жөнінде жазған болатын.

"Баспана" Ипотекалық ұйымы Сыртқы коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны