24.05.2010, 16:51 3993

Батыс Қазақстан облысында ақбөкендердің жаппай қырылуына пастереллез себеп болған - АШМ

Батыс Қазақстан облысында ақбөкендердің жаппай қырылуына пастереллез себеп болған - АШМ

Астана. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысында ақбөкендердің жаппай қырылуына, алдын-ала мәліметке сәйкес, пастереллез себеп болған. Бұл туралы бүгін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінде өткен брифинг барысында Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Ахметжан Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Алдын-ала мәліметке сәйкес, жануарлардың жаппай қырылуына пастереллез себеп болған", -деді А. Сұлтанов.

Оның мәліметіне сенсек, бүгінгі жағдаймен 3271 ақбөкен қырылған.

Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысында дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, жануарлардың өлекселері жиналуда, үй жануарларына екпе егілуде. Сондай-ақ, "топырақ пен су қоймаларындағы судың сынамалары алынып, облыстық зертханаға жіберілді", деді А. Сұлтанов.

Оның айтуынша, Қазақстанда 81 мың ақбөкен бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны