21.05.2010, 13:53 4135

Батыс Қазақстан облысында қырылған ақбөкендердің саны 1200 бас болды, көбінесе ұрғашылары шығынға ұшыраған - АШМ

Батыс Қазақстан облысында қырылған ақбөкендердің саны 1200 бас болды, көбінесе ұрғашылары шығынға ұшыраған - АШМ

Астана. 21 мамыр. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысында қырылған ақбөкендердің саны 1200 бас болды, көбінесе ұрғашылары шығынға ұшыраған, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 18 мамырда қырылған 100-ге жуық ақбөкеннің өлексесі табылғаны туралы хабар келген. Хайауанаттардың қырылу себептерін тексеру үшін комиссия құрылды. "Комиссияның жедел ақпаратына сәйкес, Жәнібек ауданының Борсы ауылдық округінің аумағында бірінші күнгі тексеру барысында қырылған ақбөкендердің саны 1200-ге жуық басты құрады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Бұның алдында, ағымдағы жылдың 15 - 17 мамырында инспекторлар осы өңірде күннің райы жақсы болғанына қарамастан, табиғаты беймәлім сұрғылт түсті тұманды байқаған". "Өлген жануарлардың өлімтіктеріне сырттай қарағанда, олардың іштері кеуіп кеткендігі, ауыздарынан жасыл түсті көбік шығып, іші өткені байқалады. Ақбөкендердің өлімтіктері мен іші-қарны тексеруге мал дәрігерлік зертханаға берілді. Комиссияның жұмысы одан әрі жалғасуда", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, бұл оқиға туралы Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, ҚР ҰҚК, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті мен Батыс Қазақстан облысының әкімдіктеріне хабарландырулар жіберілді.

"Қазақстанда 2009 жылғы есеп бойынша ақбөкендердің жалпы саны 81 мың басты құрайды, соның ішінде орал популяциясының саны 26,6 мың басқа жетеді", -деп хабарлайды ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында ақбөкендер жаппай қырылу оқиғасы байқалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "кеше сағат 11.20-да Жақсыбай ауылдық округінің Айдарлы, Жұмаш; Борсы ауылдық округінің Вышка, Қайдар, Шалаш пункттерінен ақбөкендердің Оралдық популяциясының басым бөлігі шоғырланған Жәнібек ауданының аумағында ақбөкендердің жаппай қырылу оқиғасы байқалды деген хабар келген".

ТЖМ хабарламасына сәйкес, "орман және аң шаруашылығы инспекторлары ақбөкендер жаппай шоғырланған жерлерді аралап шыққан кезде 200 бас ұрғашы ақбөкеннің шығынға ұшырағаны анықталған".

Ал үй жануарларының ауыру немесе қырылу оқиғалары байқалмаған, болған оқиғаның себебін анықтау жөніндегі комиссия құрылды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны