14.06.2012, 11:46 2753

Батыс Қазақстанда құны 1,4 млрд. теңге тұратын Ақсай индустрияландыру паркі іске қосылмақ

Елбасының қатысуымен индустрияландыру күні биыл 3 шілдеге белгіленгені белгілі.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстанда құны 1,4 млрд. теңге тұратын Ақсай индустрияландыру паркі іске қосылмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Елбасының қатысуымен индустрияландыру күні биыл 3 шілдеге белгіленгені белгілі.

Осыған орай Батыс Қазақстан облысында құны 1,4 млрд. теңге тұратын "Ақсай индустрияландыру паркі" іске қосылмақшы.

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, бұл жобаны жүзеге асыру Батыс Қазақстан облысы аумағында мұнайгаз саласындағы әлемдік ірі компаниялардың озық технологияларын пайдалану арқылы жоғары технологиялы өнім өндіруді жолға қоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қарашығанақ, Теңіз, Қашаған кен орындарын игеруге қазақстандық үлесті көбейтуге, өнімді республикадан тыс жерлерге шығаруға жағдай жасайды.

Жоба Британияның "Уайдсфие", Норвегияның "Дельта", Швецияның "Свидиш Вэлдинг", Италияның "Финмеканика" және қазақстандық "Абырой", "Петролайн", Біріккен Араб Имірліктерінің "Эчис Групп" компанияларының қатысуымен жүзеге асырылуда. Аталмыш жоба іске қосылғанда, жаңадан 125 жұмыс орны ашылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны