22.08.2011, 15:00 3929

Бельгия соты ENRC жетекші акционерлерінен ақша жылыстату жөніндегі айыптауды алып тастады

Бельгия соты Eurasian Natural Resources Corporation (ENRC) қазақстандық шикізат концерні акционерлерінен ақша жылыстату жөніндегі айыптауды алып тастаған. Бұл туралы "РБК daily" хабарлаған.

Алматы. 22-тамыз. Kazakhstan Today - Бельгия соты ENRC жетекші акционерлерінен ақша жылыстату жөніндегі айыптауды алып тастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынща, Бельгия соты Eurasian Natural Resources Corporation (ENRC) қазақстандық шикізат концерні акционерлерінен ақша жылыстату жөніндегі айыптауды алып тастаған. Бұл туралы "РБК daily" хабарлаған.

Бельгия сотында ENRC-дің үш алдыңғы қатарлы акционерлеріне қатысты іс бойынша рекордтық 15 жылға созылған тергеу амалдары осымен аяқталды. The Financial Times-тің аталған іс бойынша ақпараттандырылған дерек көздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, маусым айының соңында Александр Машкевич, Илижан Ибрагимов пен Патох Шодиев айыппұл төлеу арқылы сотпен оларға қатысты шағымды алып тастау жөнінде келісімге келген. Төленген айыппұлдың мөлшері белгісіз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны