06.10.2009, 17:58 3237

BG компаниясымен арадағы дау сотқа дейін жетпейді - Қиынов

BG компаниясымен арадағы дау сотқа дейін жетпейді - Қиынов

Алматы. 6 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан BG компаниясымен арадағы дауды сотқа дейін жеткізбей-ақ шешпек ниетте. Мұндай пікірді бүгін Қазақстанның XҮII халықаралық "Мұнай және газ" - KIOGE 2009 көрмесінің аясында өткен абспасөз мәслихатында ҚР энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Ләззат Қиынов ортаға салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен бұл дау сотқа дейін жетпейді деп ойлаймын, біз ортақ мәмілеге келеміз", -деді Л. Қиынов BG компаниясы тарапынан түсірілген шағымға қатысты жауабында.

Ол Қарашығанақты игеру жобасы бойынша серіктес компанияның өз шығындарын толық өтеп беруді талап етіп отырғанын еске салды. "Олар барлық шығындарын өтетіп алмақшы", - деді Л. Қиынов.

Оның айтуынша, "ҚазМұнайГаз" мұндай BG ұстанымымен келіспейді, өйткені, келісімге сәйкес, "кейбір тұстар бойынша шығынды өтеу мүмкін болса, кейбіреуіне сәйкес өтемді алу мүмкін емес".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны