24.07.2008, 19:05 2859

Биыл Қазақстан мен Қырғызстан банктерінің бірлестіктері өздерінің ынтымақтастығын нығайта түседі

Биыл Қазақстан мен Қырғызстан банктерінің бірлестіктері өздерінің ынтымақтастығын нығайта түседі

Бішкек. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Биыл Қазақстан мен Қырғызстан банктерінің бірлестіктері өздерінің ынтымақтастығын нығайтып, тереңдете түседі. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан банктерінің қауымдастығының бірінші вице-президенті Марат Байтоқов бүгін Қырғызстан астанасы Бішкекте ашылған бесінші халықаралық банк мәслихатында хабарлады.

Банк құрылымдары мен бірлестіктерінің 200-ден астам басшылары, әлемнің көптеген елдерінің атақты қаржыгерлері банктік мәслихаттың қатысушылары болды. Олардың қатарында Қазақстанның банктер қауымдастығының бірінші вице-президенті Марат Байтоқов, Мәскеу халықаралық валюта қауымдастығының президенті Алексей Мамонтов, Дүниежүзілік валюта қорының Орталық Азиядағы өңірлік үйлестірушісі Вернер Рике, Еуропа қайта құру және даму банкінің жауапты өкілі Эндрю Осташевски бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны