17.06.2014, 20:21 3560

Биыл Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 3,7 пайызға өсті - Е. Досаев

Биыл Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 3,7 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында экономика және бюджеттік жоспарлау министрі рболат Досаев мәлімдеді.

Алматы. 17 маусым. Kazakhstan today. Биыл Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 3,7 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында экономика және бюджеттік жоспарлау министрі рболат Досаев мәлімдеді.

"Металдар бағасының индексінің 10%-ға төмендеуіне қарамастан, теңге бағамын түзету Қазақстанның сыртқы сауда көрсеткіштеріне оң әсерін тигізді. Бұл ретте, Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы ағымдағы жылғы қаңтар-мамырда барреліне 108,2 АҚШ долларын құрады", - деді Е. Досаев.

Металдар бағасы төмендеуінің негізгі себептерінің бірі Қытайдың экономикалық қарқындарының бәсеңдеуі және өндірістік белсенділігі өсуінің әлсіреуі болып табылады, деді ол.

Оның айтуынша, ағымдағы жылғы бірінші тоқсанда тауарлар экспорты 22,6 млрд. долларды құрады және 2013 жылғы тиісті кезеңдегі 1,6% көлеміндегі қысқарумен салыстырғанда 11,0%-ға өсті.

Сонымен қатар, кеден одағы елдеріне тауарлар экспорты 1,2 млрд. долларды құрады және 27,9%-ға қысқарды, бұл Кеден одағы елдері экономикасының жалпы бәсеңдеуімен байланысты.

Кеден одағы елдерінен тауарлар импорты 19,8%-ға қысқарды және 2,9 млрд. долларды құрады. Басқа елдерден импорт 2,7%-ға қысқарды және 5 млрд. долларды құрады, деді ол.

Ол атап өткендей, "жалпы елдің сыртқы сауда айналымы 3,7%-ға өсті және 31,1 млрд. АҚШ долларын құрады.Импорттың қысқаруы және экспорттың өсуі нәтижесінде ағымдағы операциялар шотының профициті 2013 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 2,5 есеге өсті және 5,5 млрд. долларды құрады".

"Бағамдық саясаттың өзгеруі жалпы халықаралық резервтердің өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін атап өткен жөн. Ағымдағы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жылдың басымен салыстырғанда, олар 11,5%-ға ұлғайды және 27,6 млрд. долларды құрады. Ұлттық қордың активтерді 7,1%-ға өсті және 75,8 млрд. АҚШ долларын құрады", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны