03.02.2010, 15:10 3175

Биылдан бастап жабық топырақта өсірілген ерте пісетін көкөністерді өндіру субсидияланатын болады

Биылдан бастап жабық топырақта өсірілген ерте пісетін көкөністерді өндіру субсидияланатын болады

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Осы жылдан бастап жабық топырақта өсірілген ерте пісетін көкөністерді өндіру субсидияланатын болады. Бұл туралы бүгін мәжілісте өткен "үкіметтік" сағатта еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз астық өндірісінде субсидиялаудың 2 деңгейлі механизмін орнаттық. Біріншісі - бұл барлығына арналған базалық деңгей, ал екіншісі - ғылыми ұсыныстарға сәйкес ауыспалы егіс ережелерін сақтай отырып, заман талаптарына сай технологиялармен жұмыс істейтіндерді ынталандыратын деңгей.

Өсімдік шаруашылығы жағдайын әртараптандыру үрдісін жеделдету және ішкі нарықта тапшылықты жою мақсатында басым дақылдарды субсидиялау тәжірибесі жалғасуда. Ал осы жылдан бастап жабық топырақта өсірілген ерте пісетін көкөністерді өндіру субсидияланатын болады",- деді А.Күрішбаев.

"Биылғы жылы біз өндірістерді ірілендіру, сондай-ақ интеграциялық үдерістерді дамыту үшін де субсидиялау механизмдерін пайдалана бастадық. Атап айтқанда, субсидияларды бөлу кезінде басымдық ауылдық тұтыну кооперативтерінің мүшелеріне беріледі, ал мақта және күріш шаруашылығындағы ұсақ тауар өндірушілер, кооператив бірлестіктеріне мүше еместерге субсидиялар кооператив мүшелеріне қарағанда екі есе мөлшерде аз алатын болады, сонымен қатар орта және ірі ауыл шаруашылық құрылымдары",- деді ол.

Оның айтуынша, бақшаларды отырғызуды субсидиялау механизмдері де түбегейлі өзгертілді.

Егер бұрын біз қандайда-бір қосымша талаптарсыз ең кемінде 1 гектар алаңда бақша отырғызуды субсидиялаған болсақ, енді субсидияны тек әзірленген жобаға сәйкес интенсивті түрдегі өнеркәсіптік бақша отырғызатындар ғана алатын болады.

"Егін шаруашылығын интенсивтендіруде химияландырудың маңыздылығын ескере отырып, жоғарыда айтып өткендей, биылғы жылдан бастап гербицидтердің құнын субсидияландыру бойынша жаңа бюджеттік бағдарлама енгізілетін болады. Мұнда тек Қазақстанда өндірілген немесе тұжырымдалған гербицидтер ғана субсидияланатын болады, бұл отандық химиялық өндірісті дамыту үшін өте маңызды болып табылады",- деді ауылшаруашылығы министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны