12.12.2013, 19:21 2893

Бірінші вице-премьер Б.Сағынтаев 2013-2014 жылдарға арналған жылыту кезеңін жүргізу мәселелері жөнінде кеңес өткізді

"Б. Сағынтаев айтып өткендей, Үкімет отын-энергетика кешені мен өңірлерді қысқы маусымға сапалы дайындау жөнінде тиісті шаралар қабылдады. Кейбір өңірлер үшін отын сатып алуға Үкімет резервінен қаражат бөлінді", - делінген хабарламада.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan today. Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен 2013-2014 жылдарға арналған жылыту кезеңін жүргізу мәселелері жөнінде селекторлық режимде кеңес өткізілді.

"Б. Сағынтаев айтып өткендей, Үкімет отын-энергетика кешені мен өңірлерді қысқы маусымға сапалы дайындау жөнінде тиісті шаралар қабылдады. Кейбір өңірлер үшін отын сатып алуға Үкімет резервінен қаражат бөлінді", - делінген хабарламада.

Б. Сағынтаев жалпы өңірлердегі жағдай тұрақты деп санайды. Алайда, жөндеу жұмыстарының жоспарын, температуралық кестені және энергия көздеріндегі отынның нормативтік қорларын сақтау бөлігінде шешілмей қалған мәселелер бар.

Тұрғын үй-коммуналдық сектор, әлеуметтік сала объектілерінің жұмысы және коммуналдық қызмет үшін берешектер туралы Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев баяндады.

Министрдің айтуынша, жылыту маусымының басында коммуналдық қызметтері үшін тұтынушылардың дебиторлық берешегі 5,8 млрд. теңгені құрады. Ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың дебиторлық берешегі 4,9 млрд. теңгені құрады. Дебиторлық берешектің азаюы Алматы қаласында 1 млрд. теңгеге, Ақтөбе облысында 13,8 млн. теңгеге және Қызылорда облысында 10,9 млн. теңгеге байқалады. Берешек Астана қаласында 64 млн. теңгеге және Солтүстік Қазақстан облысында 12 млн. теңгеге өскен.

Кеңесте Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев энергия кәсіпорындары мен магистралдық электр жүйесі желілерінің жұмысы туралы баяндады. Вице-министр еліміздің бірыңғай электр-энергетикалық жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

Жалпы энергия көздеріне жоспарланған жөндеу жұмыстарының көлемі аяқталды. Ағымдағы жылғы 11 желтоқсанға энергия көздерінің отын қоймаларында 5,1 млн тонна көмір және 161,2 мың тонна мазут жинақталған. Бұл жалпы Үкімет бекіткен нормаларға сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров баяндағандай, қазіргі уақытта республикадағы 779 қазандық тұтынушыларды жылу энергиясымен және 389 қазандық ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді, резервте 375 қазан бар. Бұдан бұрын бекітілген жөндеу жұмыстарының кестелеріне сәйкес резервке қойылған 15 қазанға жоспарлы жөндеу жұмысы жалғасуда.

Өңірлерді жылу энергиясымен және ыстық сумен жабдықтауды 100 пайыз қамтамасыз еткен кезде Жамбыл, Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қазандарды жөндеу жұмыстары жалғасатын болады. Жылу маусымы басталғаннан бері бірқатар өңірлерде 26 технологиялық бұзушылықтар (қазандар мен турбиналардың авариялық тоқтап қалуы) орын алды, оның ішінде 12-сі жылыту бетіндегі қуыстардың себебінен болды.

Кеңесті қорытындылай келе, Б. Сағынтаев әкімдіктер жылыту маусымын авариясыз өтуін барынша қамтамасыз етуге тиіс екенін атап көрсетті. Сонымен қатар, ол мереке күндері өңірлерде жылыту маусымының өтуін қатаң бақылау қажет екенін атап өтті. Икімдіктерге мереке күндері штаттан тыс жағдайларды жедел жою үшін жөндеу жұмыстарын жүргізетін бригадаларды материалдардың авариялық қорымен және жабдықтармен қажетті көлемде қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны