17.08.2012, 10:54 6436

Бішкекте қазақстандық-қырғыз инвестициялық қорының тұсаукесері болып өтті

ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, шараға Қазақстан Республикасының Елшісі Бейбіт Исабаев, Қырғыз Республикасы Экономика және монополияға қарсы саясат министрінің орынбасары Санжар Мұқанбетов, "Kazyna Capital Management" басқармасының төрағасы Борисби Жанғоразов, екі елдің іскерлік орталарының өкілдері қатысты.

Бішкек. 17-тамыз. Kazakhstan Today - 16 тамыз күні Бішкекте қазақстандық-қырғыз бірлескен инвестициялық қорының ресми тұсаукесері болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, шараға Қазақстан Республикасының Елшісі Бейбіт Исабаев, Қырғыз Республикасы Экономика және монополияға қарсы саясат министрінің орынбасары Санжар Мұқанбетов, "Kazyna Capital Management" басқармасының төрағасы Борисби Жанғоразов, екі елдің іскерлік орталарының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде ҚР Елшісі Қырғызстанға экономикалық көмек көрсету мақсатында қор құру идеясын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылы ұсынғанын атап өтті. Алайда, объективті жағдайларға байланысты тараптар бұл жобаны тек 2011 жылы іске асыра бастады.

ҚР дипломатиялық өкілдігінің басшысы Қазақстан-қырғыз инвестициялық қорының (ҚҚИҚ) қаражаты Қырғызстанның мемлекеттік бюджетіндегі "жамауларды тігуге" арналмағанын, республикада іске асырылып отырған нақты болашағы бар тиімді жобаларға бағытталғанын атап өтті.

Инвестициялық қордың жарғылық капиталы қазақстандық тараппен толық капиталға айналдырылатын 100 млн АҚШ долларын құрайды. Бүгінде 30 млн. доллар көлеміндегі бірінші үлесті несие берілді.

Бұдан басқа, дипломат ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ҚҚИҚ АҚ өз қызметін Қырғызстанда жүзеге асырып отырған 82 компанияның жобасын қарастырғанын атап өтті, соның ішінде 4 жоба инвестициялар нысаны бола алады.

Өз сөзінде "Kazyna Capital Management" басқармасының төрағасы Б.Жанғоразов таңдалған жобалардың ҚҚИҚ директорлар кеңесіне ұсынылатынын, одан кейін экономикалық және заң тексерістерінен өтетінін атап өтті. Бұл процедуралардан өткен соң компаниялардың шотына қаржылық қаражаттар аударылады.

ҚР Экономика және монополияға қарсы саясат министрінің орынбасары С.Мұқанбетов ҚҚИҚ-тың қырғыз экономикасын дамытудағы маңызын атап өтіп, оның құрылуы екіжақты қырғыз-қазақстандық ынтымақтастықтың нығаюына септігін тигізетінін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны