25.08.2025, 21:46 60521

Биыл 1,3 мың км астам коммуналдық желілер жөнделеді

Биыл 1,3 мың км астам коммуналдық желілер жөнделеді
Сурет: Depositphotos
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында атап өткендей, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы тозуды 50%-дан төмендету үшін 86 мың км коммуналдық желілерді жөндеуге 6,8 трлн теңге инвестиция тарту қажет, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.

Ағымдағы жылы бірге пысықтау нәтижесінде расталған құжаттары бар және жалпы сомасы 144,5 млрд теңгеге қаржыландыруға дайын 48 табиғи монополия субъектісі басым тәртіппен қаралып, айқындалды. Бұл жөндеу жұмыстарын жүргізуге және 1 347 км коммуналдық желі мен 3 047 бірлік жабдықты ауыстыруға мүмкіндік береді", - деді спикер.


Келесі жылы "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 9 723 км желіні жөндеп, 46 мыңнан астам жабдықты ауыстыру жоспарланып отыр. Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 1 трлн теңгені құрайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны