12.06.2014, 21:54 3415

Біз инвесторларға барынша қолдау көрсетудеміз - Н. Назарбаев

Екінші ҮИИД бағдарламасының жүзеге асуы шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай туғызды. Бұл туралы ҚР Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысында мәлімдеді.

Алматы. 12 маусым. Kazakhstan today. Екінші ҮИИД бағдарламасының жүзеге асуы шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай туғызды. Бұл туралы ҚР Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысында мәлімдеді.

"Біз барлық күш-қуатымызды жұмсап, инвесторларды қолдаудамыз. Бұл орайда индустрияландырудың екінші бағдарламасы дайындалды. Біріншісі - макроэкономикалық ахуал. Екінші бағдарламаның жүзеге асуы инвесторларға "магнит" болуы тиіс. Ол Еуропа-Азияның екіжақты жолындағы өндірістік - логистикалық қаржы хабына айналуы тиіс. Индустрияландыру мақсатымен барлық экономикалық саясат байланысты табуы тиіс", - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Елбасы инвесторлар мен серіктестік жүргізу жолдарымен танысып шықты.

"Инвесторлармен келісімшарт жасасқан сәттен бастап 10 жылдық мерзімге салық ставкаларының, экологиялық төлемдер мен алымдардың "тұрақтылығын" енгізу көзделген. Бұған қоса, жасалған келісімшарттар шеңберінде инвесторларға инвестициялық жоба құрылысының барлық мерзімінде және объектіні пайдалануға енгізілгеннен кейін бір жыл бойы квотасыз және рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тарту құқығы ұсынылады", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны