23.06.2020, 19:03 14087

Бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар туралы

2019 жылы экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ды құрады

Алматы. 23 маусым. Kazakhstan Today - Бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар туралы

ҚР ҰЭМ желісі бойынша

2019 жылы экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ды құрады.

Өткен жылы шағын және орта бизнес 31,2 трлн. теңгеге өнім өндірді.

Республика бойынша 3,4 млн. адам шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді.

Бизнес климатты жақсарту бойынша қабылданып жатқан реформалар Қазақстанның Doing Business рейтингінде 25-ші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.

Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін бизнес-климатты жақсарту бойынша бірқатар шаралар қабылданды.

Бұл салықтық ынталандыру, тексерулерді қысқарту және несиелеуді кеңейту.

Сонымен қатар, экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі 2020 жылдың соңына дейінгі Кешенді жоспар және бизнесті қолдау бойынша Қосымша шаралар қабылданды. Арнайы Мемлекеттік комиссия жұмыс істеуде.

2020 жылғы 18-ші маусымда Парламент бизнес-климатты жақсарту жөніндегі заңнамалық реформалардың 8 пакетін қабылдады.

Орта мерзімді перспективада кәсіпкерлік қызметті дамытуда "жаңа күн тәртіп" әзірленетін болады. Шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту бағыты Қазақстанның 2025-ші жылға дейінгі жаңа стратегиялық жоспарында көзделеді.

Салықтық ынталандыру бойынша қабылданған шаралар

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылғы 1-ші қаңтардан бастап арнаулы салық режимін қолданатын шағын және микро бизнес субъектілері үш жылға табыс салығынан босатылды.

Экономиканың әр түрлі салаларында 2020 жылғы 1-ші қазанға дейін еңбекақы төлеу қорына салынатын салықтар, әлеуметтік төлемдер және мүлік салығы бойынша нөлдік мөлшерлеме белгіленді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жыл соңына дейін жер салығының мөлшерлемесі нөлге дейін төмендетілді. Сондай-ақ, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында импорттау кезінде қосылған құн салығын есепке алу әдісімен төлеу мүмкіндігі берілді.2020 жылғы 1-ші қазанға дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12%-тен 8%-ке дейін төмендетілді.

Сондай-ақ, 1-ші маусымға дейін салықтық әкімшілендіру және бақылау шаралары тоқтатылды. Барлық шағын және орта бизнес субъектілері үшін барлық салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімін ұзарту енгізілді.

Тексерулерді қысқарту бойынша қабылданған шаралар

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап үш жылға шағын және микрокәсіпкерлікке тексеру және профилактикалық бақылау жүргізуге мораторий енгізілді.

Сонымен қатар, жылдың соңына дейін бизнестің барлық санаттағы субъектілері үшін жаңа жоспарлы салықтық тексерулер жүргізілмейді.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін кәсіпкерлердің "адалдық" презумпциясы қолданыста. Бұл заңнамадағы әр түрлі түсініктерді адал кәсіпкерлердің пайдасына қолдануға мүмкіндік береді.

Жеңілдетілген кредит беруді кеңейту бойынша қабылданған шаралар

"Бизнестің жол картасы-2025" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламалары бойынша кәсіпкерлер үшін қарыз қаражатының соңғы құны қазір енді 6%-ті құрайды.

"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы бойынша несие көлемі 7 млрд.теңгеге дейін ұлғайтылды. Субсидиялау мерзімі 5 жылды құрайды.

"Қарапайым заттар экономикасы" бойынша несие сомасы шектелмейді. Ал субсидиялау мерзімі 10 жыл.

Кепілдік беру құралы жақсартылды. "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы бойынша кепілдіктер қарыз сомасының 85%-тін құрауы мүмкін. "Қарапайым заттар экономикасы" бойынша кепілдік несие сомасының 50%-тің құрайды.

"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы аясында салалық шектеулер алынып тасталды. Бұл шағын және орта бизнеске қызмет түріне қарамастан бағдарламаға қатысушы болуға және жеңілдетілген қаржы алуға мүмкіндік береді.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша тауарлар мен қызметтер тізімі айтарлықтай кеңейтілді. Осы бағдарлама бойынша несиелеудің жалпы көлемі 1 трлн. теңгеге дейін ұлғайды.

Сонымен қатар Ұлттық банк шағын және орта бизнеске, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге салалық шектеусіз жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосты.

Кредиттер айналым қаражатты толықтыруға 1 жылға 8%-пен беріледі. Бұл бағдарламаға 600 млрд. теңге бөлінеді.

Жалпы, несиелеуді ұлғайту үшін көптеген шектеулер алынды, тетіктер жеңілдетілді және қаражат көлемі ұлғайтылды.

Бүгінде барлық бағдарламалар бойынша кредиттік портфель 1,1 трлн.теңгені құрайды. 16 мыңға жуық жоба қаржыландырылды.

"Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасы шеңберінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа бағыт іске қосылады. Бұл микро және шағын кәсіпкерлікті микрокредиттеу.

Бизнестің осы санаты үшін субсидиялау есебінен кредиттер 6% мөлшерлеме бойынша қолжетімді болады.

Кредиттер айналым қаражатты толықтыруға 5 млн.теңгеге дейін, өндірістік қажеттіліктерге - 20 млн. теңгеге дейін берілетін болады. Қызмет түрлері бойынша шектеулер болмайды.

Сонымен қатар, мемлекет кредит мөлшерінің 85%-не дейін кепілдік беруді қамтамасыз етеді. Кредиттерді коммерциялық банктер мен микроқаржылық ұйымдар береді.

Субсидиялау және кредиттерді кепілдендіру рәсімдері барынша жеңілдетіледі.

Бағдарламаның негізгі мақсаты микро және шағын бизнесті жеңілдетілген кредитпен малсималды қамту болып табылады.

Экономикалық өсуді қалпына келтіру бойынша қабылданған Кешенді жоспар және Бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа серпін береді.

Кешенді жоспар ағымдағы жылдың 20-шы мамырда қабылданды. Ол салықтық ынталандыру және әкімшілендіруді оңайлату, экспортты дамыту және импортты алмастыру, Өнеркәсіпті дамыту қорын құру және басқаларды көздейді.

Бизнес ұсыныстары бойынша Кешенді жоспарға қосымша Бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар әзірленді. Олар ағымдағы жылдың 18-ші маусымда Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен қабылданды.

Еліміздің барлық өңірлеріндегі бизнес өкілдерінен өзекті мәселелер бойынша келіп түскен ұсыныстар жүйеленді.

Қосымша шаралар сатып алу, қазақстандық үлесті қамту, ауыл шаруашылық техника лизингі, кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндіктерін, тауарларды экспортқа шығаруды және рәсімдерді оңайлатуды көздейді. Жалпы шаралар кәсіпкерліктің ағымдағы мәселелерін шешуге бағытталған.

Барлық шаралар бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар анықталды және мерзімдері белгіленді.

2020 жылғы 18-ші маусымда Парламентпен бизнес климатты жақсарту жөніндегі заңнамалық бастамалардың жаңа пакеті қабылданды. Бұл реформалардың 8-ші пакеті.

Жаңа заң жылжымайтын мүлікпен жасалатын келісімдердің қауіпсіздігін арттыруға және кәсіпорындарды тіркеуді жеделдетуге бағытталған.

Сондай-ақ, заңмен бірқатар қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру, электр желілеріне қосу және техникалық жағынан күрделі емес объектілерді салу кезінде рәсімдерді қысқарту көзделген.

Бұл жұмыстың алдында реформалардың жеті пакеті қабылданды. Бұл лицензиялардың санын екі есе қысқартуға, өзін-өзі реттеуді енгізуге және бизнесті тексеру үшін негіздер тізбесін екі есеге қысқартуға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта 2025 жылға дейінгі Cтратегиялық даму жоспарының жаңа редакциясын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңа экономикалық бағыттың негізгі бағдарлары айқындалатын болады.

Экономиканың одан әрі бағытының маңызды бөлігі кәсіпкерлікті дамытудың "жаңа күн тәртібі" болады. Бұл:

Реттеушілік апелляция институтын енгізу. Кәсіпкерлер мен бизнес-ассоциациялардың шағымдары бойынша апелляциялық тәртіппен орталық және жергілікті атқарушы органдар актілерінің күшін жою немесе тоқтата тұру тетігін енгізу ұсынылады. Яғни, бизнеске кедергі келтіретін шешімдер тез жойылуы және түзетілуі мүмкін.

Бақылау мен қадағалаудан түсетін жүктемені төмендету. Бұл жоспарлы тексерулерден "кәсіпорындарды диагностикалауға" көшу.

Бизнестің мұндай диагностикасы жауапкершілікке тартпай жүргізілетін болады және жоспарлы тексерулер санын азайтуға мүмкіндік береді

Нарыққа кіруді жеңілдету үшін лицензиялар мен рұқсаттарды максималды қысқарту бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Қызметтерді цифрландыру шеңберінде бизнес үшін барлық қызметтерді электрондық нысанда толық қамтуды қамтамасыз ету ұсынылады.

Мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Шағын және орта бизнес пікір "жетекшілерімен" тікелей өзара іс-қимыл күшейтіледі.

Жаңа орта мерзімді шараларды іске асыру кәсіпкерліктің сапалы және тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Жылыту маусымына дайындық барысы

ҚР ЭМ желісі бойынша

Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында жылу беру кезеңі тұрақты режимде өтті.

Қысқы жүктеме максимумы 2020 жылдың 9 қаңтарында белгіленген және 15 182 МегоВатты құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 4% - ға артық (14 615).

226 энергия кәсіпорны (немесе 87%) 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын алды. Әзірлік паспортын алмаған 34 энергия кәсіпорны "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мұндай кәсіпорындар үшін жылу беру маусымына дайын болмау салдарынан электр қуатын өшіру қаупі жоғары. Алайда, олар тыйымдардың болмауына байланысты өз қызметін әрі қарай жалғастыруда. Айыппұлдардың мөлшері аз болғандықтан, энергетикалық мекемелері жылу беру маусымына дайын болу үшін паспорт алудан бас тартып отыр. Бұл мәселе тұрақты түрде Министрлікпен көтерілуде, бірақ қолдау таппады.

2019 жылы Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде 3 996 технологиялық бұзушылық орын алды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда технологиялық бұзушылықтар саны 34-ке немесе 1,3%-ға азайды, жылыту кезеңінде 135 немесе 6%-ға өсті.

Сонымен қатар өткен жылыту кезеңінде электр желілерінде ірі технологиялық бұзушылықтар орын алды:

2019 жылғы 10 қарашада Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана-РЭК" АҚ электр желілерінде 10 киловольт кабель желісі оқшауламасының зақымдануынан туындаған термиялық доға салдарынан "Левобережная" ҚС қосалқы станциясынан кабель арнасында өрт шықты. Бұл технологиялық бұзушылық 11 көп қабатты тұрғын үй мен Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауындағы 25 әкімшілік ғимараттарының электр энергиясын беруді шектеуге алып келді.

2019 жылғы 9 ақпанда Жамбыл облысындағы "KEGOC" АҚ электр желілерінде қолайсыз метеожағдайлар кезінде (желдің жылдамдығы 30 м/сек астам қатты шаңды боран) 500 киловольт "ЮКГРЭС" қосалқы станциясы аймағында 500 киловольт ӘЖ (әуе желілерінде) релелік пен автоматиканы қорғаудан авариялық ажыратуы орын алды.

2020 жылдың 7 сәуірінде Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты боран, желдің екпіні 37 м/с дейін) 500 киловольттық бес желі және 200 киловольтттық үш желі өшірілді. Электр беру желілерінің 28 тірегінің құлауы анықталды.

Өткен жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау кәсіпорындарының жергілікті атқарушы органдармен бекітілген жылу желілері жұмысының температуралық кестесін сақтамауының 48 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың деңгейінен 20%-ға аз.

Кестені сақтамаудың негізгі себебі жабдықтардың қанағатсыз жағдайы және оның жұмысындағы кемшіліктер (тозу, жабдықтарға техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің нашар ұйымдастырылуы, уақтылы жаңартуы және проблемаларды жою бойынша шараларды қабылдамауы).

Өткен жылыту маусымында энергия көздерінде пайдаланылатын отын қорының қажетті көлемі 3 млн. көмір және 120 мың тонна мазут қамтамасыз етілді.

Биылғы сәуір-наурыз айларында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Богатырь Көмір" ЖШС ("Самұрық-Энерго" АҚ) көмір разрезінен электр станцияларына көмір тиеу кідірісі байқалды. Көмірді тиеудегі бұл кідірістер қажетті отын қорының болуына байланысты электр станцияларының тұрақты жұмысына әсер еткен жоқ.

Отынға кредиторлық берешек көлемі

Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша энергия өндіруші ұйымдардың "ҚазТрансГаз-Аймақ" АҚ алдындағы берешегі 6,4 млрд.теңгені құрайды.

Сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың "Богатырь-Көмір" ЖШС алдындағы жалпы сомасы 3 млрд. 251 млн. теңгені құрайтын қарызы бар.

Бүгінгі күні энергетикалық кәсіпорындармен алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық басталды.

Жүйелік оператор бекіткен Бірыңғай электр энергетикалық жүйенің электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу кестесіне сәйкес ағымдағы жылы 8 энергоблокты, 59 қазанды, 44 турбинаны жөндеу жоспарланған.

Маусым айының басында 3 энергоблокта (барлық энергоблоктың 38%), 5 қазанда (барлық қазанның 9%) және 8 турбинада (барлық турбинаның 18%) жұмыстар аяқталды.

Жөндеу жұмыстарының әртүрлі сатыларында 3 энергоблокта, 21 қазан мен 9 турбинада жұмыстар жүргізілуде. Жалпы жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2020-2021 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындау үшін жалпы ұзындығы 25 828 км электр беру желілерін, сондай-ақ 429 бірлік жоғары вольтты қосалқы станцияларды жөндеу жоспарланған.

Бүгінгі күні электр желілерінде 1140 км электр беру желілері мен 65 шағын станцияға жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл жылдық жоспардан тиісінше 8% - ды (желілер бойынша) және 15% - ды (шағын станциялар бойынша) құрайды.

ЗапКазРЭК аймақтық электржелілік компаниясының алдағы жылыту маусымына дайындығы аса үрей тудырады. Мекеменің қаржыландыру проблемасы Батыс Қазақстан облысының электр желілерінде жөндеу жұмыстарының толық көлемін жүргізуге, жаңғырту және қайта құруға мүмкіндік бермейді. Желілердің тозуы 80%-дан астам. Электр желілерін сенімді басқаруға қабылдаған компания өзіне алған міндеттемелерді іс жүзінде орындамауда.

Бүгінгі күні электр станцияларында отын жинақтау жүріп жатыр. Энергия көздерінің қоймаларында көмір қоры 4,3 млн.тонна көмірді және 109,1 мың тонна мазутты құрайды, бұл жалпы нормативтерге сәйкес келеді.

Биылғы жылдың 20 тамызына электр станцияларының 6 энергоблокта (барлық энергоблоктардың 75%), 28 қазанда (барлық қазандардың 47%) және 25 турбинасында (барлық турбиналардың 57%) жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ 6200 км электр беру желілерін және 75 қосалқы станцияларын жөндеуді аяқтау жоспарлануда, бұл жыл жоспарына 24 % (желілер бойынша) және 17% (шағын станциялар бойынша) құрайды.

Жалпы электр станциялары мен желілерін жоспарланған барлық жөндеуді кестеге сәйкес бекітілген мерзімде аяқтау қажет.

Негізгі проблемалық мәселелер:

Нұр-Сұлтан қ. бойынша:

2020 жылғы 5 маусымда Министрлік барлық тараптардың өкілдерінің қатысуымен кезекті кеңес өткізді және нақты ұсыныстар берілді.

Қарағанды облысы бойынша:

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2-де 6 энергетикалық қазан орнатылған. Жылыту маусымында 5 қазанның жұмысы жасап тұруы қажет, 1 қазан резервте болуы тиіс. Алайда, қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайға байланысты жұмыс істейтін қазандардың авариялық істен шығуы орын алады. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ негізгі жабдығының апатты тоқтауы кезінде Теміртау қаласының тұрғындары үшін жылу қуатының тапшылығы және қоршаған ортаның температурасы төмендегенде жылу жүйесін қатыру қаупі туындайды.

Шығыс Қазақстан бойынша:

"Риддер ЖЭО" АҚ №5 турбинасының пайдалану парк ресурсының аяқталуына байланысты бу түріндегі жылу энергиясының тапшылығы қалыптасты. Осыған байланысты, өткен жылыту маусымында станция резервтік қосалқы жабдықты пайдалана отырып жұмыс істеді. Алайда резервтік жабдықты одан әрі пайдалану кезінде авариялық жағдайдың пайда болу тәуекелі бар.

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

Орал ЖЭО-дағы ст. №1 турбинасы 1960 жылдан бастап пайдалануда және 2020 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша нормативтік пайдалану мерзімі 200 000 сағат болғанда 344 234 сағат жұмыс істеді. Қазіргі уақытта турбина қанағаттанғысыз жұмыс істейді. Турбинаның номиналды қуаты 10 МВт болғанда нақты қуаты 3 МВт құрайды.

Орал ЖЭО турбиналарының конденсаторларындағы пайдаланылған будың айналмалы суыту көзі Орал өзені болып табылады.

ЖЭО-ның техникалық сумен жабдықтаудың осы схемасы Орал өзеніндегі судың төмендеу деңгейіне байланысты өте сенімді емес болып табылады.

Орал өзенінен су тұтынуды төмендету мақсатында ЖЭО-ның технологиялық мұқтаждықтары үшін "Жайықжылуқуат "АҚ Орал ЖЭО-ның айналмалы сумен жабдықталуын қайта жаңарту" жұмыс жобасы әзірленді. Бюджеттік өтінім дайындалды. Қаржы министрлігіне келесі бюджетті қайта қарау кезінде "Жайықжылуқуат" АҚ Орал ЖЭО-на суды қайта пайдалану жүйесін қайта құру" жобасына қаржы бөлу туралы өтінімді қарау үшін жүгінгім келеді.

Түркістан облысы бойынша:

Түркістан облысындағы "Кентаусервис" МКК Кентау ЖЭО-ның негізгі жабдықтарын жөндеу жұмыстарын орындауға қаржы қаражатының болмауына байланысты 2020 жылы жөндеу жұмыстары басталған жоқ.

Коммуналдық - тұрмыстық тұтынушылардың қарызы бойынша:

Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарында және

Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар, энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қарыздары бар.

Электр энергиясын өндіру және беру жөніндегі қызметтерді жеткізушілер алдындағы көрсетілген қарыз энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың жөндеу жұмыстарын уақтылы орындауына кері әсер етеді.

ЖАО-ның коммуналдық меншігінде және иесіз деп танылған электр желілері

Ұлт жоспарының 51-қадамында белгіленген міндеттерді іске асыру аясында - 100 нақты қадам иесіз желілерді жоюды көздейді.

Жергілікті атқарушы органдардың жол картасы шеңберінде жүргізген жұмыстарының қорытындысы бойынша иесіз электр желілерінің ұзындығы 2020 жылдың қаңтар айына 225 км және 98 трансформаторлық қосалқы станция (ТП) құрады.

Жалпы, анықталған иесіз электр желілері электр беруші ұйымдардың балансына 2020 жылдың соңына дейін беріліп болуы тиіс.

Жергілікті атқарушы органдар құқық белгілейтін құжаттарды рәсімдей отырып, иесіз электр желілерді анықтау және балансқа қабылдау және осы объектілерді одан әрі энергия беруші ұйымдардың балансына беру жөніндегі жұмысты тездетуі, сонымен қатар коммуналдық электр желілерін энергия беруші ұйымдарға сенімді басқаруға беруді қамтамасыз етуі қажет.

2020-2021 жж. күзгі - қысқы кезеңді сенімді өтуі үшін қажет деп есептеледі:

электр станцияларында, электр желілерінде барлық жөндеу жұмыстарын орындау;

энергия көздері қоймаларында отынның нормативтік жинақталуын қамтамасыз ету;

отын жеткізушілердің алдындағы берешектің төмендеуін қамтамасыз ету;

коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың жеткізушілер алдындағы дебиторлық берешегін және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың кредиторлық берешегін төмендету жөнінде шараларын қабылдау;

білім беру, денсаулық сақтау, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін, елді мекендердің әлеуметтік және мәдени объектілерін дайындау жөніндегі барлық іс-шараларды орындау;

коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың қарыздарын азайту жөнінде шараларын қабылдау;

Әдiлет, энергетика, ұлттық экономика министрлiктеріне және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша) мүдделi тараптармен бiрлесе отырып, энергетикалық кәсiпорындар жылыту кезеңiне әзірлік паспортын алмаған жағдайында, айыппұлдың көлемін арттыру мәселесiн пысықтау қажет деп есептейміз.

ҚР ИИДМ желісі бойынша

Жалпы алғанда, 2019-2020 жылғы жылыту маусымы тұрақты режимде өтті.

Аталған кезеңде 24 технологиялық бұзушылық болды. Бұл 2018-2019 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 33 жағдайға аз.

Барлық технологиялық бұзушылықтар нормативтік мерзімде жойылды.

2019 жылы көмір өндіруші компаниялар 111,1 млн. тонна көмір өндірді (көмір концентратын есептемегенде).

Энергетикаға 57,2 млн. тонна, коммуналдық тұрмыстық кәсіпорындарға және халыққа 10,6 млн. тонна көмір жөнелтілді.

Өткен жылыту маусымында өңірлерде жеке және заңды тұлғалардың коммуналдық қызметтер алдындағы дебиторлық берешегі 13 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 780 млн. теңгеге көп. (2019 жылы - 12 286 млн. теңге).

Берешегі ең көп өңірлер: Алматы қаласында - 2 млрд 177 млн. теңге, Нұр-Сұлтан қаласында - 1 млрд. 928 млн. теңге, Шымкент қаласында - 1 млрд. 924 млн.теңге, Маңғыстау облысында - 1 млрд 525 млн.теңге.

2020-2021 жылғы жылыту маусымына дайындық мақсатында Министрлік әкімдіктерге барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала объектілерін және тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау үшін жұмыс жоспарын жіберді.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлер бойынша ай сайынғы қажеттілікті көрсете отырып, коммуналдық-тұрмыстық мақсатқа және халыққа арналған көмірдің қажеттілік жоспары жасалды.

Жалпы, жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Көмір тапшылығы болмауы тиіс.

Қыркүйек-қараша айларында дүрлігуді болдырмау үшін әкімдіктермен бірлесіп халыққа арналған көмірді ертерек сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Биыл оқу жылы басталғанға дейін 10 мыңдай білім беру объектісін дайындау жоспарланған.

Денсаулық сақтау объектілері мен тұрғын үйлердің дайындығына баса назар аударылады.

6 мыңдай денсаулық сақтау объектісі мен 47 мың тұрғын үйді дайындау жоспарланған.

Халықты жылумен жәген сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 10 мыңнан астам автономдық қазандықты, 5 мың шақырым жылумен жабдықтау желісін және 13 мың сумен жабдықтау желісін дайындау керек.

Сондай-ақ, автономдық қазандықтарды көмір және мазутпен қамтамасыз ету керек. (1 млн. 200 мың тоннадан астам көмір және 52 мың тонна мазут).

"Қазақстан темір жолы" көмір разрезінен өңірлердің темір жол тұйықтарына дейін вагондарды уақытында жеткізіп, көмір тасымалын жүзеге асырады.

Көмір дайындау бойынша мониторинг Министрліктің тұрақты бақылауында.

Алдағы жылыту маусымына уақытылы дайындалу үшін жергілікті атқарушы органдар келесі шараларды атқаруы тиіс:

1) ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін барлық білім беру объектілерін дайындауды аяқтауы;

2) 2020 жылғы 15 қазанға дейін барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала объектілерінің толық дайындығын қамтамасыз етуі;

3) 2020 жылғы 15 қазанға дейін автономдық қазандықтарда отынның нормативтік қорын қамтамасыз етуі тиіс.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны