23.02.2015, 15:40 4145

Бизнестегі әкімшілік тосқауылдарды азайту мәселелері Үкіметте ВАК отырысында талқыланды

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссияныӊ кезекті отырысын өткізді

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссияныӊ кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ВАК жұмысына ҚР Парламенті депутаттары, орталық мемлекеттік органдар, Ұлттық банк және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылары қатысты, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Күн тәртібінде Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес рұқсат құжаттарын 50%-ға қысқарту арқылы бизнестегі әкімшілік тосқауылдарды азайту мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, ІІМ, МСМ, БҒМ, ҰБ және басқа мемлекеттік органдардыӊ 134 рұқсатын қысқарту және жеӊілдету бойынша Эксперттік топтыӊ ұсыныстары қаралып, мақұлданды. Барлығы қысқартуға 367 рұқсат ұсынылды, бұл оныӊ жалпы саныныӊ 52%-ын құрайды.

Отырысты қорытындылай келе, Бақытжан Сағынтаев Президент алға қойған міндеттерді жүзеге асырудыӊ маӊыздылығын баса айтып, сондай-ақ бірқатар сәйкес тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны