16.05.2012, 10:07 3808

Бизнес-үдерістерді оңтайландыру жұмысы жалғасады

"Атамекен" Одағы" Ұлттық экономикалық палатасымен, Қазақстанның Кәсіпкерлер форумының Кеңесімен және өңірлермен бірлесе отырып, рұқсатнама және лицензиялық құжаттарды қысқарту жөніндегі біраз жұмыс атқардық",- деді Е.Орынбаев бүгін Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Астана. 16-мамыр. Kazakhstan Today - Рұқсат беру және лицензиялық құжаттарды қысқарту жөніндегі жұмыс бизнес-қауымдастықтармен бірлесіп жүргізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ербол Орынбаев бүгін Үкімет отырысында мәлім етті.

"Атамекен" Одағы" Ұлттық экономикалық палатасымен, Қазақстанның Кәсіпкерлер форумының Кеңесімен және өңірлермен бірлесе отырып, рұқсатнама және лицензиялық құжаттарды қысқарту жөніндегі біраз жұмыс атқардық",- деді Е.Орынбаев бүгін Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Заң жобасында қарастырылғандай, өз істерін енді ашқан кәсіпкерлердің жұмыстарына жүргізілетін жоспарлы тексерулерге 3 жылға тыйым салу көзделуде. "Бұл бизнес үшін нақты көмек болады", - дейді вице-премьер.

Оған қоса, алып тастауға мүмкіндік жоқ бизнес-үдерістерді оңтайландыру жұмыстарын әрі қарай жалғастыру жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны