23.06.2009, 14:24 2814

Бюджет тапшылығының мөлшерін қауіпсіздік шегінен асып кетпеу үшін азайту қажет - Жәмішев

Бюджет тапшылығының мөлшерін қауіпсіздік шегінен асып кетпеу үшін азайту қажет - Жәмішев

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бюджет тапшылығының мөлшерін қауіпсіздік шегінен асып кетпеу үшін азайту қажет. Бұл туралы бүгін өткен парламент палаталарының жалпы отырысында ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Үкімет қарыздың мөлшері мен үкіметтің өзі бағдар етіп алған индикаторларды қадағалайды. Олар 15%-дан аспауға тиіс, бұлар - басты қарыздың есеп-қисабының шығындары мен оны өтеу шығындары және Ұлттық қордың трансферттері", - деді Б. Жәмішев.

Министрдің айтуынша, 2008 және 2009 жылдары бұл көрсеткіш сақталды.

"Алдағы уақытта бюджет тапшылығының мөлшерін қауіпсіздік шегінен асып кетпеу үшін азайту қажет, бұл жайлы жаңа бюджеттің жобасында ұсынылады",- деді министр.

Б. Жәмішевтің хабарлауынша, 2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен мемлекеттік қарыз 1 трлн 330 млрд теңгені, соның ішінде үкіметтің қарызы - 1 трлн 15 млрд теңге, Ұлттық банктің қарызы - 312 млрд теңге және жергілікті бюджеттердің берешегі - 2,5 млрд теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны