07.02.2008, 19:02 2729

Бюджеттің игерілмей қалған қаржысы 26 млрд теңгеден асып жығылады - Жәмішев

Бюджеттің игерілмей қалған қаржысы 26 млрд теңгеден асып жығылады - Жәмішев

Астана. 7-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Өткен жылы 26 млрд теңгеден астам бюджет қаржысы игерілмей қалған. Бұл туралы бүгін Қазақстан Респуликасының Қаржы министрлігінің алқа отырысында мекеме басшысы Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.
"2007 жылы республикалық бюджеттің жабылған қарыздарды есепке алмағандағы шығыны 2,48 трлн теңгені, немесе жылдық жоспардың 98,9 пайызын құраған. 26 млрд теңгеден астам қаржы игерілмей қалды",- деді Болат Жәмішев.

"Көптеген жағдайларда өкілетті министрліктер бөлінген қаржының мақсатқа сай және тиімді жұмсалуын, аймақтардың соңғы нәтижеге қол жеткізуін қадағаламайды",- деп атап өтті Болат Жәмішев.

Ол республикалық бюджет кірісі бойынша "жоспардың жүз пайыз орындалуы қамтамасыз етілгендігін" хабардар етті. Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылы республикалық бюджетке түскен нақты кіріс 2,22 трлн теңгені құраған.

Министрдің айтуынша, өткен жылдың 11 айында бюджетке түскен салық деңгейі жалпы ішкі өніммен салыстырғанда 26,3 пайызды құраған. "Біз 2008 жылы олар жалпы ішкі өнімнің 28 пайызына, 2009 жылы - 29 пайызына, 2010 жылы - 30 пайызына жақындайды деп күтудеміз",- деп атап көрсетті Болат Жәмішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны