10.07.2014, 19:40 3314

БҚО-да 8 бизнес жоба мемлекеттік қолдау алды

Орал қаласында өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Онда 8 жоба "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы мен 2012-2020 жылдарға арналған Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында 411,4 млн теңгелік қолдауға ие болды.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan today. Орал қаласында өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Онда 8 жоба "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы мен 2012-2020 жылдарға арналған Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында 411,4 млн теңгелік қолдауға ие болды.

Кәсіпкерлер жобалары автокөлік қызметі, автокөлікке техникалық қызмет көрсету, бөлшек сауда және т.б. қызметіне бағытталған, деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш жобалардың бірі "ПродИнтер" ЖШС-ның 2012-2020 жылдарға арналған Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін "Ақсай қаласында сауда орталығы құрылысы, әмбебап дүкеніне тарату үшін 3 бірлік автокөлік сатып алу, әмбебап дүкеніне жабдық сатып алу және айналым қаражатын толықтыру" жобасы мен "Alfa Motors" ЖШС-нің 2012-2020 жылдарға арналған Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін "Негізгі құралдарды жаңарту (техникалық қызмет көрсету автокешенді қайта құру және "Драйв" автокөлік құралдарын жөндеу)" жобасы да мемлекеттік қолдау тапты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны