04.09.2007, 14:33 3266

Болгария Қазақстанның Бургас - Александруполис жобасына қатысуына қатысты барлық мүмкіндіктерді талқылауға дайын

Болгария Қазақстанның Бургас - Александруполис жобасына қатысуына байланысты барлық мүмкіндіктерді талқылауға дайын.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. АСТАНА. Болгария Қазақстанның Бургас - Александруполис жобасына қатысуына байланысты барлық мүмкіндіктерді талқылауға дайын, деді Болгария Республикасының вице-премьері - сыртқы істер министрі Ивайло Калфин.

"Біз Қазақстанның жобаға атсалысу түрлерін талқылауға дайынбыз",- деді Ивайло Калфин бүгін "Қазақстан - Болгария: ынтымақтастықтың жаңа перспективалары" атты бизнес-форумының үзілісінде журналистерге берген сұхбатында.

"Ең бастысы Болгария жағы да, Қазақстан жағы да белгілі бір мүдделік танытып отыр",- деп санайды ол. И.Калфин "Қазақстанның да, Болгарияның да және де жобаға қатысушылардың барлығының да бұл жобаны дамытуда бірлесіп жұмыс істеуге объективті мүдделіктері бар", деп атап көрсетті.

Оның пайымдауынша, Қазақстан үшін "бұл КТК жобасын жалғастыру болып табылады".

"Экономикалық тұрғыдан алып қарасақ, егер біз Жерорта теңізіне, Еуропаның оңтүстігіне мұнай экспорттау туралы айтсақ, бұл өте жақсы жоба, және де бірлескен іс-әрекетімізді әртүрлі формада талқылау мүмкіндігі бар",- деп қорытындылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны