10.03.2011, 13:44 4261

Brent мұнайының бағасы 2,88 долларға көтерілді

Brent мұнайының бағасы 2,88 долларға көтерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 10 - наурыз. Kazakhstan Today - Brent мұнайының бағасы 2,88 долларға көтерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, 2011 жылдың 9- наурызындағы сауда қорытындысы бойынша Inter Continental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электронды тауар биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 2,88 долларға көтеріліп, барреліне 115,94 долларды құраған.

Нью-Йорк қаласындағы New York Mercantile Exchange (NYMEX) шұғыл тауар биржасында WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы 0,64 долларға төмендеп, барреліне 104,38долларды құрады.

9 наурызда АҚШ Энергетика министрлігінің (United States Department of Energy) баяндамасы жарияланды, осыған сәйкес елдегі коммерциялық шикі мұнай қорлары 2011 жылдың 26 ақпаны мен 4 наурызы аралығында барреліне 2,5 млн долларға қымбаттап, барреліне 348,9 млн долларды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны