25.05.2009, 18:56 2742

"БТА Банк" пен "Альянс Банктің" сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жұмыстары тамызда аяқталады - Жәмішев

"БТА Банк" пен "Альянс Банктің" сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жұмыстары тамызда аяқталады - Жәмішев

Астана. 25 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "БТА Банк" пен "Альянс Банктің" сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жұмыстары тамызда аяқталады. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінде Қазақстан Республикасы үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінің таныстырылымы кезінде қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

""Самұрық - Қазына" тек тамызға қарай "БТА Банк" пен "Альянс Банктің" сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жұмыстарын аяқтауды жоспарлауда", - деді Б. Жәмішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны