29.11.2012, 13:56 3217

БТА Банкі Қырғызстан аумағында қайта құрылымдау процесіне қолдау тапты

БТА Банкі (әрі қарай - "Банк") Алматы қ. Мамандандырылған қаржы сотында Банкке қатысты басталған қайта құрылымдау процесінің Қырғызстан аумағында қолдау тапқандығын хабарлайды.

Алматы. 29-қараша. Kazakhstan Today - БТА Банкі Қырғызстан аумағында қайта құрылымдау процесіне қолдау тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

БТА Банкі (әрі қарай - "Банк") Алматы қ. Мамандандырылған қаржы сотында Банкке қатысты басталған қайта құрылымдау процесінің Қырғызстан аумағында қолдау тапқандығын хабарлайды.

Осы қолдауға Банк Бішкек қаласының Ауданаралық сотының шешіміне сәйкес 2012 жылғы 15 қарашада қол жеткізді және Қырғыз Республикасының аумағында келесі әрекеттердің орындалуын қамтамасыз етеді: қайта құрылымдалатын қаржы міндеттемелері бойынша Банкке қатысты сот шешімдерінің орындалуын тоқтату; осындай қаржы міндеттемелері бойынша Банк кредиторларының талаптарының Банкпен орындалуын тоқтату; Қырғыз Республикасында Банктің активтерін өндіріп алу айналысына тыйым салу.

Осы қолдау Банктің қайта құрылымдау процесінің жалғасымды бөлігі болып табылады және қырғыз сотының аталмыш шешімі Банктің қайта құрылымдауды тану туралы өтінішін 2012 жылғы 11 шілдеде, 16 тамызда, 31 тамызда және 15 қазанда қол жеткізген Ұлыбритания, АҚШ, Украина мен Ресейдің мақұлдауынан кейін өз жалғасын тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны