29.08.2012, 10:23 3224

Бүгін сарапшылар кеңесі қазақстандық өнімдерді Өзбекстанға экспорттау жағдайын талқылайды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Отандық өндірушілер Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері деңгейінде өтетін мемлекетаралық кеңес отырысында көрші елге қазақстандық өнімді жеткізуде туындайтын бірқатар проблемалар шешімін табады деп үміттенеді.

Астана. 29-тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін сарапшылар кеңесі қазақстандық өнімдерді Өзбекстанға экспорттау жағдайын талқылайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Отандық өндірушілер Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері деңгейінде өтетін мемлекетаралық кеңес отырысында көрші елге қазақстандық өнімді жеткізуде туындайтын бірқатар проблемалар шешімін табады деп үміттенеді.

"Тәжірибеде көрініс тауып отырғандай, қазақстандық экспортшылар Өзбекстанға экспорттық операциялар жүргізу барысында қиындықтарға душар болуда. Бұл проблемалар тауарды өзбек темір жолымен, автомобильмен тасымалдаумен және жоғары акциздік салықтармен байланысты", - деді Экспортшылар кеңесінің отырысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев.

Дегенмен оның атап өтуінше, соңғы 5 жыл ішінде екі ел арасындағы сауда айналымын оң серпін қалыптасып отыр. Қазақстан өзбек еліне мұнай, мұнай өнімдері, ұн, астық, жекелеген кен түрлерін жеткізсе, ол жақтан табиғи газ, жеміс-жидек, көкөніс, көлік құралдары, минералды тыңайтқыш тасымалданады.

"Қазақстан бұл елге шикізаттық емес экспортты барынша кеңейтуге мүмкіндігі бар", - деді вице-министр.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде Өзбекстан Республикасының президенті Ислам Каримов Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны