23.05.2012, 13:51 3293

Бүгін V Астана экономикалық форумы ашылды

Форум аясында әлемнің 85 елінен келетін 6500 астам делегаттың қатысуымен 40-тан астам іс-шара өтеді. Форумға танымал мемлекеттік қайраткерлер, халықаралық сарапшылар, Нобельдік сыйлықтың лауреаттары қатысады.

Астана. 23-мамыр. Kazakhstan Today - Елордада бүгін Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен V Астана экономикалық форумының салтанатты ашылуы болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Форум аясында әлемнің 85 елінен келетін 6500 астам делегаттың қатысуымен 40-тан астам іс-шара өтеді. Форумға танымал мемлекеттік қайраткерлер, халықаралық сарапшылар, Нобельдік сыйлықтың лауреаттары қатысады.

V Астана экономикалық форумның аясында VII Инновациялық конгресс, "Қазақстанның энергия-экологиялық бастамалары" атты Жаһандық энергия-экологиялық форум, "Astana Invest 2012" Инвестициялық форумы және т.б. шаралар өтеді.

Форумда сондай-ақ Елбасының бірегей бастамасы - "G-Global" жаңа коммуникативті алаңы таныстырылады.

Оған қоса, форум аясында Тәуелсіздік сарайында көрме ашылады. Онда Қазақстанның 50-ден астам ең перспективалы және жоғары технологиялық жобасы таныстырылады.

V Астана экономикалық форумының негізгі қорытындысы әлемдік экономиканы сауықтыру және дамыту жөніндегі ел үкіметтеріне жасалған ұсыныс-кеңестердің Ашық хаты болмақ. Құжат G-8 және G-20 ұйымдастыру комитеттеріне, Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюталық қорға, Дүниежүзілік банкке, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына жолданады.

Форум күндері Pm.kz сайты V Астана экономикалық форумының басты оқиғаларын, негізгі спикерлердің сөздерін, сондай-ақ форумға қатысушы белгілі тұлғалармен болған арнайы сұхбаттарды жариялап отырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны