05.07.2018, 20:22 4383

Бүгінде Астана әлемніӊ 9 қаржы орталығымен тікелей байланысты - Бақытжан Сағынтаев

Бүгінде Астана әлемніӊ 9 қаржы орталығымен тікелей байланысты. Астана - "Белдеу және жол" бастамасыныӊ жаӊа трансконтинентальды бағытындағы негізгі түйіні. Бұл дегеніміз, 1 миллиард тұтынушыны құрайтын алып нарық жолына ашылған үлкен мүмкіндік", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - Astana Finance Days аясында ҚР-ныӊ Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ қатысуымен пленарлық сессия өтті. Бақытжан Сағынтаев сөз басында "Астана" Халықаралық қаржы орталығы жаһандық қаржы жүйесініӊ бөлігі болып табылатынын және халықаралық компаниялар үшін Орталық Азия нарығына жол ашатынын айтып өтті.

"Бүгінгі пікірталас алаӊыныӊ біздер үшін орны маӊызды. АХҚО - жаӊа буынныӊ қаржылық хабына айналуда. АХҚО - қаржылық технологиялар саласындағы мәселелерді шешуге арналған көпір іспетті. Бүгінде Астана әлемніӊ 9 қаржы орталығымен тікелей байланысты. Астана - "Белдеу және жол" бастамасыныӊ жаӊа трансконтинентальды бағытындағы негізгі түйіні. Бұл дегеніміз, 1 миллиард тұтынушыны құрайтын алып нарық жолына ашылған үлкен мүмкіндік", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ, пленарлық сессияға Халықаралық қаржы орталығыныӊ (АХҚО) басшысы Қайрат Келімбетов, Татарстан Республикасыныӊ Президенті Рустам Минниханов, Ислам Даму Банкініӊ Президенті Бандар Хаджар, "Сбербанк" ХАҚ президенті, Басқарма Төрағасы, Дүниежүзілік банк тобыныӊ аға вице-президенті Сандра Нгози Окоро Хопкинс, АХҚО-ныӊ қаржылық қызметтерді реттеу комитеті Директорлар кеӊесініӊ Төрағасы Барбара Джадж, арбитраж орталығыныӊ төрағасы Барбара Доманн, Люксембург қаржылық орталығыныӊ төрағасы Николас Макел мен Баку халықаралық теӊіз сауда портыныӊ бас директоры Талех Зиядов қатысты.

Сессия 2018 жылғы 5 шілдеде өтетін "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ гала-презентациясы аясында өтті.

Анықтамалық ақпарат

АХҚО. "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасыныӊ президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заӊға Мемлекет басшысы 2015 жылдыӊ 7 желтоқсанында қол қойды. АХҚО-ныӊ мақсаты - халықаралық деӊгейдегі қаржылық қызметтерініӊ алдыӊғы қатарлы орталығын құру.АХҚО-ныӊ міндеттері - ел экономикасына инвестиция тарту, қаржылық қызметтерді инвестициялау үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасыныӊ бағалы қағаздар рыногын дамыту және оныӊ халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету.www.aifc.kz

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны