05.02.2015, 16:13 3781

БЖЗҚ зейнетақы активтерініӊ табыстылығы 2014 жылы 3 есеге артты - ҚР Ұлттық банкі

Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) активтерініӊ табыстылығы 2014 жылдыӊ қорытындысы бойынша 6,3%-ды құрады. Бұл зейнетақы активтерініӊ 2013 жылы 2,2%-ды құраған табыстылығынан 3 есеге жуық жоғары, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкініӊ баспасөз қызметі

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) активтерініӊ табыстылығы 2014 жылдыӊ қорытындысы бойынша 6,3%-ды құрады. Бұл зейнетақы активтерініӊ 2013 жылы 2,2%-ды құраған табыстылығынан 3 есеге жуық жоғары, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкініӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұлттық банктіӊ мәліметінше, БЖЗҚ зейнетақы активтерін шоғырландыру 2014 жылдыӊ 26 наурызында аяқталды. Шоғырландыру қорытындысы бойынша зейнетақы активтерініӊ мөлшері 2014 жылғы 1 сәуірде 3,96 трлн теӊгені құрады, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2014 жылғы 14 ақпандағы Жарлығымен БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеӊес құрылған болатын. Кеӊестіӊ шешімімен БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі тұжырымдама және БЖЗҚ зейнетақы активтерін орналастыруға арналған қаржы құралдарыныӊ тізбесі қабылданды. Сол мақұлданған тізбе аясында Ұлттық банктіӊ Басқармасы БЖЗҚ инвестициялық декларациясын бекітті.

2014 жылғы 1 сәуірден басталатын кезеӊде ҚР Ұлттық банкі қабылданған БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына сәйкес, жалпы сомасы 1,48 трлн теӊге болатын зейнетақы активтерін инвестициялауды жүргізді.

Нақты, ҚР Мемлекеттік Бағалы қағаздарға жасалған инвестициялар 8,03% кірістілікпен жүзеге асырылды, ал сол кезеӊде ҚР МБҚ-тіӊ зейнетақы активтерін шоғырландыруды аяқтау бойынша кірістілігі 5,62%-ды құрады.

Бастапқы нарықта екінші дәрежелі банктердіӊ қаржы құралдарына инвестициялар 9,03% кірістілікпен жүзеге асырылды, ал зейнетақы активтерін шоғырландыруды аяқтау кезеӊінде екінші дәрежелі банктердіӊ өзініӊ кірістілігі 7,78%-ды құрады" - делінген хабарламада.

Ұлттық банк өткен жылы зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметті реттейтін нормативтік құжаттарды қабылдау бойынша ұйымдастыру жұмысын толығымен жүзеге асырды.

Сонымен қатар шетел валютасымен қаржы құралдарына инвестициялар 6,77% кірістілікпен жүзеге асырылған. Ал шетел валютасымен зейнетақы активтерін шоғырландыруды аяқтау бойынша қаржы құралдарыныӊ кірістілігі 4,47%-ды құрады.

"Жалпы алғанда жаӊа инвестициялардыӊ орташа алынған кірістілігі 8,33%-ды құрады, бұл болжанып отырған инфляциялық дәліздіӊ жоғары деӊгейінен көп болып табылады. Осылайша, БЖЗҚ зейнетақы активтерініӊ кірістілігі 2014 жылдыӊ қорытындысы бойынша 6,3% болды", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны