22.02.2016, 11:05 3162

БЖЗҚ зейнетақы активтерініӊ табыстылығы 2 еседен аса өсті - ҚР ДСИДМ

БЗЖҚ-дағы жинақталған зейнетақы көлемі 2016 жылғы 1 қаӊтарда 5,8 трлн теӊге болды, өткен жылғы сәйкес кезеӊмен салыстырғанда 28,3%-ға ұлғайды. 2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша зейнетақы активтерініӊ инвестициялық кірісі екі еседен астам көрсеткішке ұлғайып, 15,6%-ды (2014 жылы - 6,3%) құрады

Астана. 22 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылы 6 млн-нан астам жұмыс істейтін қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"БЗЖҚ-дағы жинақталған зейнетақы көлемі 2016 жылғы 1 қаӊтарда 5,8 трлн теӊге болды, өткен жылғы сәйкес кезеӊмен салыстырғанда 28,3%-ға ұлғайды. 2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша зейнетақы активтерініӊ инвестициялық кірісі екі еседен астам көрсеткішке ұлғайып, 15,6%-ды (2014 жылы - 6,3%) құрады", - делінген хабарламада, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Жалпы, ҚР ДСИДМ мәліметінше, 2015 жылы жұмыспен қамтылған халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту деӊгейі 6 млн 68,3 мыӊ адам болғанын, олар 658,1 млрд теӊге сомасында зейнетақы аударымдарын жасады.

"Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5%-ға артық", - деп нақтылады министрлікте.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны