22.05.2012, 09:38 3726

Дағдарысқа қарсы шешімдерді талқылау алаңы

Астана экономикалық форумы әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан болған жағымсыз үдерістер байқала бастаған кезеңде маңызды оқиғаға айналды. Астана экономикалық форумының алаңы дағдарысқа қарсы шараларды талқылау үшін және дұрыс шешімдер шығару үшін әлемдік сарапшылардың басын қосуға мүмкіндік берді.

Астана. 22-мамыр. Kazakhstan Today - Дағдарысқа қарсы шешімдерді талқылау алаңы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана экономикалық форумы әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан болған жағымсыз үдерістер байқала бастаған кезеңде маңызды оқиғаға айналды. Астана экономикалық форумының алаңы дағдарысқа қарсы шараларды талқылау үшін және дұрыс шешімдер шығару үшін әлемдік сарапшылардың басын қосуға мүмкіндік берді.

Илемдік дағдарыс басталған 2008 жылы І Астана экономикалық форумы өтті. 2008 жылдың 26-27 маусым күндері өткен форумға "Жаһандану жағдайында экономикалық дамудың заманауи қырлары" тақырыбы арқау болған. Тақырып аясында өткен пікірталастар сол кездегі әлемдік дағдарыс жағдайларына арналған.

2009 жылдың 11-12 наурызында өткен ІІ Астаналық экономикалық форумның ұйымдастырушылары дағдарыс кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұстанымын басшылыққа ала отырып, жұмыс істеген. "Еуразияның жаһандық қатерлер жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздігі" атты тақырыппен өткен форум жиын алдында Иитернет-форумның өтуімен ерекшеленді. Ұйымдастырушылар Интернет-форумға қатысушылардың әлемдік экономикадағы маңызды мәселелерге қатысты пікірлерін жинауды көздеді. Ондағы мақсат - G-20 тобындағы Мемлекет басшыларының Саммитіне ұсыныстар әзірлеу үшін ІІ Астаналық экокномикалық форумға келген сарапшылар арасында осы пікірлерді талқылау еді.

Көп кешікпей оң үрдіс байқалды. ІІ форум кезінде және форум аяқталғаннан соң әлемдік экономикада оң өзгерістер көрініс тауып, жаһандық қауымдастық форумда айтылған мәселелер мен ұсыныстарды белсенді талқылауға көшті.

2010 жылдың 1-2 шілдесінде "Дағдарыстан кейінгі кезеңде тұрақты экономикалық өсу" тақырыбында өткен ІІІ Астана экономикалық форумы алдыңғы форумдарға қарағанда әлдеқайда өзекті болды. Үшінші форум жаһандық экономиканың дамуындағы негізгі мәселелерді талқылау үшін әлемнің 70 елінен 3000-нан астам саяси және іскер топ өкілдерінің, белгілі ғалымдар, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қосты.

Бұл форум шынымен нәтижелі аяқталды ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдерге қол қойылып, Еуропалық инвестициялық Банкпен Қазақстан аумағында құны 1,5 млрд. еуро болатын инвестициялық жобаларды қаржыландыру туралы келісімге қол жеткізілді.

ІІІ Астана экономикалық форумы аясында кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілердің Іскерлік форумы өтіп, Еуропалық іскерлік конгрестің Ұйымдастыру комитеті құрылған болатын.

ІІІ Астана экономикалық форумында Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Индустрияландыру картасы мен Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі өндірістік қуаттылықтарын рационалды орналастыру Кестесі таныстырылды.

ІІІ Астана экономикалық форумына қатысушылар дағдарыстан кейінгі әлем бағыттары мен негізгі мәселелерді шешу жолдары туралы өз көзқарастарын білдіріп, пікірлерін "Дағдараыстан кейінгі әлем бағыттары "Астана консенусы" деген тақырыппен ресми хат ретінде G-20 елдері көшбасшыларының Саммитіне жолдаған.

"Жаңа онжылдық: талаптар және перспективалар" атты кезекті IV Астана экономикалық форумы 2011 жылдың 3-4 мамырында өтті. Экономикалық, саяси және ғылыми орталардың өкілдері әлемдік экономиканы дамытудың жаңа жолдарын қарастырды. Экономикалық тұрақтылықтың жаңа тетіктерін әзірлеу үшін форум барысында осы мақсатты көздейтін 30-ға жуық отырыс пен сессия өтті. Нобель жүлдесі лауреаттарының Астана клубы дәл осы төртінші форумда құрылған болатын. Клубқа Нобель сыйлығының 7 лауреаты мүше болды.

Форумның тағы бір маңызды нәтижесі жалпы құны 4,5 млрд. АҚШ доллары болатын келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды. Сондай-ақ төртінші форум аясында алғаш рет Қазақстан Республикасының экспорттық және нарықтық әлеуетін көрсететін Бірыңғай индустриялық-инновациялық көрме өтіп, оған шамамен 120 инвестициялық жоба қойылды.

Елбасының тапсырмасын орындау аясында 2012 жылдың 22-24 мамырында өтетін V Астана экономикалық форумы аясында "Илемдік қаржы жүйесінің болашағы мен даму валютасы" атты сессия өтеді.

Бұл күндері Pm.kz сайты V Астана экономикалық форумының басты оқиғаларын, негізгі спикерлердің сөздерін, сондай-ақ форумға қатысушы белгілі тұлғалармен болған арнайы сұхбаттарды жариялап отырады. Біздің сайтымыздан жаңалық күтіңіздер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны