06.03.2018, 14:51 4750

"Даму" Қоры мен KASE ислам шарттары бойынша қажыландыруға арналған семинар өткізді

Негізгі мақсат - ислам шарттарымен қаржы алуы мүмкіндіктері жайлы халықты құлағдар ету. Кәсіпкерлер семинар барысында ислам қаржыландыруыныӊ механизмдерімен, әдеттегі қаржы институттары мен ислам қаржы ұйымдарыныӊ әріптестік формаларымен, құқықтық негіздері және Қазақстанда оны дамыту мүмкіндіктерімен танысты

Алматы. 6 наурыз. Kazakhstan Today - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ мен "Қазақстан қор биржасы" (KASE) Алматыда бірлескен ақпараттық семинар өткізді. Шағын және орта бизнеске арналған "Қазақстан Республикасына исламдық қаржыландыруды енгізу" атты семинар елде ислам шарттары бойынша қаржыландыруды дамытып, осы сала бойынша кеӊінен насихаттауды көздейді.

Негізгі мақсат - ислам шарттарымен қаржы алуы мүмкіндіктері жайлы халықты құлағдар ету. Кәсіпкерлер семинар барысында ислам қаржыландыруыныӊ механизмдерімен, әдеттегі қаржы институттары мен ислам қаржы ұйымдарыныӊ әріптестік формаларымен, құқықтық негіздері және Қазақстанда оны дамыту мүмкіндіктерімен танысты.

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары Дәулет Ибілқайыров жиналғандар алдында сөз алып, бұл семинардыӊ дер кезінде өткізіліп отырғанын айтып, маӊыздылығына тоқталды.

"Қазіргі кезде ислам қаржыландыруы және ислам қаржы құралдарын пайдалану әлем бойынша болашағы зор бағыт болып саналады. Бұл - қазақстандық кәсіпкерлер мен ислам қаржы институттарыныӊ әріптестігі аясында бизнесті дамытуға жаӊа мүмкіндіктер ашады", - деді Дәулет Ибілқайыров.

"Бұл шара Қазақстан қор биржасында исламдық қаржыландыруды дамыту және ресми тізім құрылымы жайында отандық бизнесті хабардар етуге арналып отыр. Қаржыландырудыӊ бұл түрі Қазақстандағы жобаларды қаржыландыруда және ШОБ үшін ислам қаржы құралдары қосымша мүмкіндік ретінде қарастырылады", - деді "Қазақстан қор биржасы" АҚ Басқарушы директоры Қайрат Тұрмағамбетов.

Семинарға Алматыныӊ бизнес саласыныӊ өкілдері, брокер компаниялар, Ислам даму банкі (ИДБ), "Ислам "Al Hilal" банкі" АҚ, "Ислам "Заман-Банкі" АҚ, "Аль Сакр Финанс" АҚ, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы өкілдігініӊ мамандары қатысып, кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы ислам қаржыландыру өнімдері жайлы айтып берді. Исіресе ислам шарттары бойынша қаржыландырудыӊ түрлі үлгілеріне тоқталды.

Сондай-ақ шара барысында "Даму" Қорыныӊ ICD тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті ислам қаржыландыруы арқылы қолдауға қаржы тарту жөніндегі Қазақстандағы пилотты жобаны жүзеге асыру барысы да талқыланды.

"Елбасыныӊ жолдауын жүзеге асыру барысында"Даму" Қоры ICD тарапынан қаржыландырудыӊ қосымша механизмдерін тарту мәселесін қарастырып жатыр. 40 млн АҚШ доллары(теӊгелей), 7 жыл мерзімге, ислам қаржыландыру құралдары арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталады. Қаржы екінші деӊгейлі Ислам қаржы банктері және пилотты жобаға қатысатын лизинг компаниялары арқылы беріледі. Теӊгелей жаратылымды KASE-де Сукук" аттыICD ислам облигациялары қамтамасыз етеді"- деді Д. Ибілқайыров.

Шара өзара әріптестік жөніндегі меморандум аясында өтті. Бұл меморандум өзара әріптестікті жалғастырып, Қор мен KASE арасындағы шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету шаралары аясын кеӊейтуді көздейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны