Денсаулық, мәдениет, спорт, туризм саласындағы жаңа 60 құрылыс жобалары 20 мың тұрақты жұмыс орындарын құрады
Алматы. 18 тамыз. Kazakhstan Today - Жұмыспен қамту мәселелері туралы
ҚР ЕХӘҚМ желісі бойынша
Еліміздегі барлық мемлекеттік бағдарламалардың әлеуетін ескере, ағымдағы жылы 1 млн. 220 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланған болатын. Бүгінге 743 мың адам сол шараларға тартылды.
Оның ішінде "Еңбек" бағдарламасына 379 мың адам қастысуға ниет білдірді.
Оларға шағын кәсіпкерлікпен айналысуға 5 мың 800 жеңілдетілген несие және 17 мың 200 қайтарымсыз тегін гранттар берілді.
Мемлекет тарапынан жалақысы субсидияланатын жұмыс орындарына 156 мың адам тартылды.
Қысқа мерзімдік оқытумен кәсіпкерліктің негіздеріне оқытуға 34,5 мың адам қатысуда. Қыркүйек айында қосымша 20 мыңнан астам ҰБТ-дан өтпеген мектеп түлектері жұмысшы мамандықтар бойынша "тегін техникалық кәсіптік оқуға" жіберілетін болады.
Жұмыспен қамту орталықтары ашық вакансияларға берген жолдамалары бойынша, 130 мың адамға жұмыс таба білді.
"Еңбек" бағдарламасының өңірлер бөлінісінде орындалуына келетін болсақ:
5 мың 800 шағын несие алған адамдар қосымша 6 151 тұрақты жұмыс орнын аша білді.
Шағын несиелеу жұмыстарында Шығыс-Қазақстан, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы жақсы көрсеткіштерге ие.
Батыс Қазақстан облысында белсенділік таныту қажет.
17 мыңнан астам берілген гранттардың 51 % аз қамтылған, көпбалалы жанұядағы жұмыссыздарға бағытталды.
Бұл бағытта Жамбыл облысы жылдық жоспарға қол жеткізіп қалды, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы 80 % астам орындауда.
Қызылорда облысында гранттар беру қарқыны әлі төмендеу.
Жалақысы мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарын (әлеуметтік жұмыс орны, жастар практикасы және қоғамдық жұмыстар) құру және оған жұмыссыздарды, жас түлектерді тарту шаралары жалпы жақсы деңгейге іске асуда.
"Жұмыспен қамту жол картасы" бойынша 6 мың 400 жүздей жоба іске асырылуда.
Тамыз айын қоса 552 млрд. теңге қаржыландырылды, бүгінге оның 71,5 % игеріліп отыр.
Жобаларда 154 мың адам жұмыс жасауда. Оның ішінде 73 % ауылды елді мекендерде, 37 % - жұмыссыз жүрген жастар, 17 % - кешегі бейресми жұмыспен айналысып жүрген азаматтар және 9 % - аз қамтылған отбасылар мүшесі.
Құрылыс, және жөндеу жұмыстарында 90 %-тен кем емес ұлттық кәсіпорындарының тартылу талабы сақталуда.
Ағымдағы жағдайға баға беретін болсақ, жұмысқа тартылған 154 мың адамға 75 млрд-қа жуық қаражат еңбек ақы мақсаттарына жұмсалды, отбасы мүшелерімен қосқанда 600 мыңнан астам адамға табыс көзі қамтамасыз етілді.
Орта жалақы 130 мың теңге деңгейінде қалыптасты. Жобаларға қатысқан бизнес субъектілері 370 млрд. теңгеге тапсырыстар алды, және әкімдермен бірлесе бағалау бойынша, 19 мыңға жуық орта-шағын бизнес өкілдері мердігер, құрылыс материалдарын сатушы ретінде қатысып, кемінде 114 мың өз жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік алды.
Өңірлерді бағалауға келсек, ақпараттық жүйе негізінде мониторинг бойынша Шығыс-Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласында жоспарланған жұмыс орындарына халықты тартуда жоғары көрсеткіштерге ие.
Өз кезегінде, Түркістан және Алматы облыстарында жоспарланған жұмыс орындарын ашумен халықты тарту бойынша жұмысты белсендіру қажет.
"Жол картасын" қаржыландыруда тамыз айының жоспары бойынша өткен аптада кезекті 240 млрд. теңге бөлінді.
"Жұмыспен қамту жол картасының" алдағы уақытта әлеуметтік-экономикалық оң әсері жөнінде тағы еске салып кеткіміз келеді.
Жаңадан соғылатын 683 нысандар болашақта өңірлерде әлеуметтік актив ретінде халыққа қызмет ететін болады.
Оның ішінде білім беру саласындағы жаңа 80 құрылыс - апаттық, үш-маусымды мектеп, ауылда білім алуға қолжетімділік мәселелерін шешумен бірге, педагогтарымызға 10 мың жаңа тұрақты жұмыс орындарын береді.
Денсаулық, мәдениет, спорт, туризм саласындағы жаңа 60 құрылыс жобалары 20 мың тұрақты жұмыс орындарын құрады.
153 су шаруашылық нысандардың құрылысы мен жаңғыртуы - суармалы, жайылым жерлер көлемін едәуір арттырып, ауыл шаруашылығында 77 мың тұрақты жұмыс орындарын береді деп бағалануда.
400 жүзге жуық коммуналдық шаруашалық нысандары, 8 мың км-ден астам калалық, ауылдық жолдар, 900 елді мекенді абаттандыру - әкімдердің халықпен кездесу кезінде тұрғындардың көтерген мәселелерін шешуге және халықтын өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Жол картасы қаражатын пайдалана, короновирус індетімен күресу бағытында 13 жаңа инфекциялық емхана құрылысы жүргізілетін болады. Өз кезегінде, қосымша 5 мың тұрақты жұмыс орнын ашылады.
Жалпы, Жол картасының жобалары 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға негіздерін қалайтын болады.
Келесі мәселе - экономикада жаңа жұмыс орындарының құрылуы жөнінде.
Жыл басында әр әкіммен жасалған меморандумдар бойынша өңірлерде биыл 431,5 мың жұмыс орны құрылуы тиіс ("Еңбек" пен "Жұмыспен қамтудың жол картасын" ескермегенде).
Ресми ведомстволық статистика бойынша 7 айда 300 207 жұмыс орны құрылған, оның ішінде 149 мыңы - тұрақты жұмыс орындары, 135 мыңы ауылда.
Бұл жерде ерекше назар аударатыны, сол құрылған жұмыс орындар ішінде тұрақты жұмыс орындарының үлесі.
Солтүстік - Қазақстан және Маңғыстау, Қызылорда облыстарда тұрақты жұмыс орындар үлесі 70 % артып отырса, Ақмола, Батыс - Қазақстан және Қарағанды облыстарында керісінше уақытша жұмыс орындарының үлесі басым.
Соңғы айларда халықтың Электронды еңбек биржасын қатысу, пайдалу қарқыны жоғарылауда.
Жыл басымен салыстырғанда жұмыс берушілер тарапынан ұсынған вакансиялар саны 8,5 есеге өсіп отыр, өз кезегінде, жұмыс іздеп өз резюмелерін жариялаған адамдар саны 8 есеге өскен.
Нәтижесінде 7 айда, 333 мың адам ЭЕБ арқылы өздеріне жұмыс тауып отыр, оның 57% тұрақты жұмыс орындарына.
Азаматтар жұмыс іздеу мақсатында жұмыспен қамту орталықтарына да белсенді жүгінуде. Орта есеппен айына 60 мың адам жүгінеді.
Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін ресми жұмыссыз ретінде тіркелгендердің саны жыл басынан 8 есе артқан, өз кезегінде, жұмысқа орналастыру көрсеткіші 11 есе артып отыр.
Қосымша, ресми жұмыссыз 50 мың 200 адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздыққа қатысты арнайы төлемдер алуда. Оларға 7 айда 5,5 млрд. теңге төленді.
Және, өздеріңізге мәлім, коронавируске қатысты шектеулер салдарына табыссыз қалған азаматтарға әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы көлемінде:
төтенше жағдай кезінде 4,6 млн. адамға 322 млрд. теңге төленген болса;
соңғы қатаңдатқан карантиндік шектеулер кезінде 2,3 млн. адамға - 147 млрд. теңге төленіп, бұл жұмыстар жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

