25.02.2014, 20:06 10548

"Doing Business" рейтингінің индикаторын жақсарту бойынша кешендік жоспарға 46 іс-шара енгізілді - Б.Жәмішев

Ведомство басшысы атап өткендей, Іс-шаралар жоспары 5 кодекске, 3 Заңға және 11 заң актілеріне өзгерту енгізуді көздейді.

Алматы. 25 ақпан. Kazakhstan today. "Doing Business" рейтингінің индикаторын жақсарту бойынша кешендік жоспарға 2014 жылға 11 индикатор аясында 46 іс-шара енгізілді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев хабарлады.

"Осы рейтинг шеңберіндегі жұмыстың басты мақсаты индикатор бойынша орнымызды жақсарту емес, рейтингті пайдалану арқылы елімізде бизнестің дамуына кедергісін келтіріп отырған жайттарды анықтап, болдырмау. Осыны есепке ала отырып әр индикатор бизнес-процедуралар бойынша бөлшектелген, бірте-бірте жақсарту шаралары белгіленген және олар 11 индикатор аясында 46 іс-шарадан тұратын Жоспардың негізі ретінде алынған", - деді Б. Жәмішев.

Ведомство басшысы атап өткендей, Іс-шаралар жоспары 5 кодекске, 3 Заңға және 11 заң актілеріне өзгерту енгізуді көздейді.

Бұдан басқа, жоспарды жүзеге асыру аясында өзгертулер енгізу керек 19 нормативті - құқықтық актілердің тізімі жасалды.

"Бұл өзгертулер бірқатар процедураларды жеңілдетіп, кейбіреулерін алып тастауға мүмкіндік береді. Мысалы экологиялық, санитарлық-эпидимиологиялық, энергетикалық және өндіріс қауіпсіздігі саласында", - деп Б. Жәмішев түсіндіріп өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны