12.06.2014, 21:58 2997

"Дойче банк Франкфурт" компаниясы Қазақстанға 2 млрд инвестиция салды

"2013 жылы геологиялық ғылым және табиғи ресурстар федеральдық институты 15 кен орны бойынша геологиялық деректерді анықтады, бұл өндіріс орындарын Қазақстан тарапы өз серіктестеріне бірлесіп игеруді ұсынып отыр. Бүгінде кем дегенде 10 бірлескен Германия-Қазақстан жобасын іске асыру жоспарлануда. Мысалға, Сименс Қазақстанда "Қазпошта" үшін сұрыптау цехын іске қосты. Сименс сондай-ақ "Қазатомөнеркәсіпке" де керек-жарақ жеткізіп отыр. Одан бөлек, біз "Самұрық-Қазынамен" бірге кремний өндіретін зауытты сауықтыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - деді Питер Тильса.

Алматы. 12 маусым. Kazakhstan today. "Дойче банк Франкфурт" компаниясы Қазақстанға 2 млрд инвестиция салды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы барысында "Дойче банк Франкфурт" компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша басқарушы директоры - бас атқарушы директоры, Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің тең төрағасы Питер Тильса мәлім етті.

"2013 жылы геологиялық ғылым және табиғи ресурстар федеральдық институты 15 кен орны бойынша геологиялық деректерді анықтады, бұл өндіріс орындарын Қазақстан тарапы өз серіктестеріне бірлесіп игеруді ұсынып отыр. Бүгінде кем дегенде 10 бірлескен Германия-Қазақстан жобасын іске асыру жоспарлануда. Мысалға, Сименс Қазақстанда "Қазпошта" үшін сұрыптау цехын іске қосты. Сименс сондай-ақ "Қазатомөнеркәсіпке" де керек-жарақ жеткізіп отыр. Одан бөлек, біз "Самұрық-Қазынамен" бірге кремний өндіретін зауытты сауықтыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - деді Питер Тильса.

Айта кетейік, бүгін Бурабайда өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы барысында елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту, инвесторлардың құқықтарын қорғау шаралары, сондай-ақ индустрияландырудың екінші бесжылдығы шеңберінде инвестициялау және технологиялар трансферті мәселелері талқылануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны