27.01.2016, 22:56 4712

Доллар бағамы 420 теӊгеге дейін баруы мүмкін

Бұндай болжамды қатардағы сарапшы емес, мемлекеттіӊ еӊ ірі активтерін басқарып отырған "Самұрық- Қазынаныӊ" топ-менеджерлері жасап отыр

Астана. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бұндай болжамды қатардағы сарапшы емес, мемлекеттіӊ еӊ ірі активтерін басқарып отырған "Самұрық- Қазынаныӊ" топ-менеджерлері жасап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қордыӊ басқарма мүшесі Елена Бахмутованыӊ болжамынша, мұнай баррелі 20 долларға түссе, бір доллар 420 теӊге болады. Ал егер мұнай 25 долларға төмендесе, АҚШ ақшасыныӊ құны 400 теӊгеніӊ шамасында тұрақтамақ. Бахмутованыӊ есебінше, геосаяси жағдай жақсы жағына өзгеріп "қара алтын" 35 долларға дейін көтерілсе, шетел валютасы 380 теӊгеге төмендеуі мүмкін. "Самұрық-Қазынаныӊ" экономикадағы шынайы ахуалды білетінін ескерсек, доллар 420 теӊгеге жетеді деген болжамына сенуге болатын сияқты. Бірақ Үкімет мұнай 20 долларға түссе, тиісті сценариіміз дайын деп отыр. Министрліктермен бірге "Самұрық-Қазынада" шығындарын жаппай қысқартуға көшкен. Ал тамыз айынан бері 100 пайыз құлдыраған теӊгеніӊ курсы бүгін 377 теӊгеге жетті. Десек те, соӊғы күндері теӊге сәл де болса күшейіп келеді, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны