05.09.2006, 16:54 3338

Достық-Алашанькоу темір жол өткелегі арқылы өтетін жүк көлемі алдағы жылдарда 20 млн. тоннадан асады

АЛМАТЫ. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today. Достық-Алашанькоу темір жол өткелегі арқылы өтетін жүк көлемі алдағы жылдарда 20 млн. тоннадан асады. Бұл туралы Қытай мен Қазақстан теміржолшыларының жиыны барысында мәлім болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі "Хабар" агенттігінің жаңалықтарына сілтеме жасап.

Жиын барысында атап көрсетілгеніндей, биыл "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы Қытай темір жолымен ынтымақтастық орнатқалы бері 15 жыл өтті.

Биыл Достық-Алашанькоу темір жол өткелегі арқылы өтетін жүк көлемі 14 млн. тоннаны құрайды деп күтілуде. "Оның 11 млн. тонансы - экспорт, 3 млн. тоннасы - импорт. Келесі жылы біз бұл көлемді 16 млн. тоннаға жеткізуге дайынбыз. Қазір бірақ жағдай басқашалау. Өйткені биыл Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры пайдалануға берілуге байланысты 2 млн. тонна жүк темір жолдан мұнай құбырына ауысты. Енді біз оның орнын толтыратын жолдарды іздеуге тиіспіз",- деді "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының бірінші вице-президенті Қажымұрат Нағманов.

"Біздің есептеуімізше, даму әлеуетіміз жоғары. 2010-жылға дейін Достық-Алашанькоу темір жол өткелегі арқылы өтетін жүк көлемі жоспарға сәйкес 20 млн. тоннаға жетеді. Бұл жиында біз өткелектің қуатын жоғары деңгейде пайдалану үшін тасымалды жүзеге асыру жағдайын жақсарту шарттарын талқылайтын боламыз",- деді Үрімжі темір жолының басшысы Сун Дэси.

Кеңеске кеден және шекара қызметі өкілдері, сондай-ақ, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның темір жол компанияларының өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны