13.01.2016, 14:44 4721

Дүниежүзілік банк жастар жобасына 22 млн долларға жуық қаражат бөледі

Гранттық бағдарламаларды жүзеге асыруға ҚР Білім және ғылым министрлігі соӊғы екі жылда Дүниежүзілік банк тарапынан 21 млн доллар көлемінде қаражат тартты, деп мәлімдеді бүгін ҚР Парламенті Мәжілісініӊ жалпы отырысында ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов

Астана. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - Гранттық бағдарламаларды жүзеге асыруға ҚР Білім және ғылым министрлігі соӊғы екі жылда Дүниежүзілік банк тарапынан 21 млн доллар көлемінде қаражат тартты, деп мәлімдеді бүгін ҚР Парламенті Мәжілісініӊ жалпы отырысында ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Дүниежүзілік банкпен жұмыс жасау нәтижесінде 2 жылда біз қайтарымсыз негізде 21 млн доллар көлемінде гранттар тарттық", - деді А.Сәрінжіпов, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Бұдан өзге, ол Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және дамыту банкі арасындағы энергия тиімділігін арттыру және жастар корпусын дамыту жөніндегі Келісімі жастарды әлеуметтендіруге және оларды тартуға жағдай жасауға бағытталған.

"Жоба үш компоненттен тұрады. Бірінші компонент аясында жастар жобалары қаржыландырылады, яғни 18-29 жастар арасындағы жастардыӊ жобалары. Бұл жобалар қоғамдық-пайдалы қызметті жүзеге асыруға бағытталған. Ир жастар жобасына жастар тобы қатыса алады, жобаныӊ қызметі шамамен 6 ай. Ир жобаға бөлінетін грант сомасы 4-5 мыӊ доллар", - деді ол.

Бұдан өзге, жоба аясында жастар жобалық басқару, қаржы сауаттылығы негіздері, маркетинг және сәйкес есеп берулер жасау бойынша оқытудан өтеді.

Осылайша, министрдіӊ айтуынша, бірінші компонент аясында 1700 жастар жобасын жүзеге асыру, 8,5 мыӊ жастарды қамту, 100-ге жуық жастар ұйымдарын тарту жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны