06.09.2007, 16:04 3309

Дүниежүзілік мұнайгаз саласында Қазақстанның маңызы арта түсуде

Дүниежүзілік мұнайгаз саласында Қазақстанның маңызы арта түсуде, деп мәлім етті бейсенбіде Астанада өткен ІІ Еуразиялық энергертикалық форумда сөз сөйлеген премьер-министр Кәрім Мәсімов.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. АСТАНА. Дүниежүзілік мұнайгаз саласында Қазақстанның маңызы арта түсуде, деп мәлім етті бейсенбіде Астанада өткен ІІ Еуразиялық энергертикалық форумда сөз сөйлеген премьер-министр Кәрім Мәсімов, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан халықаралық энергетикалық қауіпсіздікті қамсыздандыру жүйесінің сенімді және жауапты мүшесі болып табылады және сол санатта қала бермек, оның Дүниежүзілік мұнайгаз саласындағы рөлі арта түсуде",- деді ол.

"Егер жалпы соңғы 15 жылда дүниежүзіндегі мұнай өңдеу көлемі үш есеге өссе, Қазақстан Республикасында екі жарым есеге жуық өскен. Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы кезеңде жылына 26 млн тоннадан астам мұнай өндірсе, биыл 67 млн тоннаға жуық мұнай өндіру көзделіп отыр, ал 2015 жылы Каспий кеніштері игерілетіндігін есептегенде біз жылына 140 млн тонна мұнайға қол жеткізе аламыз",- деп түсінірді К. Мәсімов.

Үкімет басшысы сондай-ақ, мұнай өңдірудің өсуімен қатар, республмканың мұнайгаз және энергетика саласындағы инвестициялық тартымдылық та өсіп келеді, деп атап өтті. "Тікелей шетелдік инвестициялардың еліміздің экономикасына жалпы түсімі 1993 жылдан бергі кезенде 50 млрд АҚШ долларын құраған, және де олардың жартысына жуығы мұнайгаз және энергетика саласының еншісінде",- деп атап көрсетті премьер.

Сонымен қатар К. Мәсімов, "Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Нидерланды, Франция, Италия және Жапонияның үлесіне жалпы көлемнің төрттен үшіне жуығы тиесілі" деп атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны