28.05.2014, 22:23 2926

ЕАЭО аясында Самұрық-Қазына үшін бәсекелестік деңгейі өседі - Е.Досаев

ЕАЭО аясында Самұрық-Қазына бәсекелестігінің деңгейі өседі. Бұл туралы бүгін "Самұрық -Қазына" АҚ қор компаниялар тобының тәуелсіз директорлары мен топ-менеджерлері арасындағы кездесуінде ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan today. ЕАЭО аясында Самұрық-Қазына бәсекелестігінің деңгейі өседі. Бұл туралы бүгін "Самұрық -Қазына" АҚ қор компаниялар тобының тәуелсіз директорлары мен топ-менеджерлері арасындағы кездесуінде ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

"Өздеріңізге де белгілі, ертең Еуразиялық экономикалық одақтың құрылатын күні. Қазақстан экономикасының дамуы туралы айтар болсақ, ЕАЭО аясында "Самұрық-Қазынаның" дамуынан айналып өте алмасымыз анық. Менің пікірімше, одақтың жаңа шарттарында біздің қордың бәсекелестік деңгейі арта түспек", - дейді министр.

Оның пікірінше, тауар мен қызметтің ортақ нарығын құруға байланысты мәселелер кезең-кезеңімен дамуды қажет етеді. Компаниялардың алдағы кездесулер шеңберінде ЕАЭО аясындағы "Самұрық-Қазаны" АҚ рөлін талқылау қажет.

"Менің ойымша, кездесулер аясында қордың ел экономикасындағы алар орнын айқындау қажет. Бұрындары біз ел ішіндегі санаулы жобаларды ғана қарастырып, соның ертеңін талқылайтын болсақ, ендігі кезекте біздің нарығымыз 170 млн адамдық ірі кеңістікке айналып, біздің күн тәртібіндегі мәселелеріміз де кеңейе түсті", - дейді Е.Досаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Армения мен Қырғызстан одаққа қосылуға мүдделі болып отыр. Осыған орай Ерболат Досаев аталмыш екі елдің қызығушылық танытуы одақтың қазірден бастап әлеуетін көрсетпек.

"Бүгінде кішігірім экономикаға ие екі ел біздің одаққа қосылуға қызығушылық танытып отыр. Менің пікірімше, бұл одақтың кеңеюінің басы ғана. Бұл үрдіс Еуразиялық экономикалық одақтың болашағынан хабар береді. Осы орайда "Самұрық-Қазына" АҚ біздің экономиканың дамуында айтарлықтай мәнге ие", - дейді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны