21.05.2014, 22:54 3440

ЕАЭО-ның кедендік бекетінде қағазбастылық азаяды - В.Гошин

"Яғни, қауіп тудырмайтын тауар өндіру кеденшінің жеке бас байланысы мен шаруашылық субъектінсіз атқарылады. Құжатқа қол қою қарсаңында келіссөз қатысушылары бірыңғай жалғыз құжат жасамақ. Онда барлық негізгі заңнамалар қамтылады", - дейді ол.

Алматы. 21 мамыр. Kazakhstan today. ЕАЭО-тың кедендік бекетінде қағазбастылық тек жағдай ушыққанда ғана қолданылады. Бұл туралы бүгін VII Астана экономикалық форумы шеңберіндегі "БЭК бизнес-диалогының іскерлік конгресі: Еуразиялық экономикалық одақ жолы" атты панельді сессия барысында Еуразиялық экономикалық одақ экономика және қаржы саясатының алқа мүшесі Владимир Гошин мәлімдеді.

"Біз кеден мен салыққа қатысты кәсіпкерлік пен мемлекет сұранысын қолға аламыз. Жаңаша жұмыс істейтін боламыз. Бұл дегеніңіз электронды технологияларды қолдану мен қағазбастылықтан барынша арылу. Тек жағдай ушыққан ерекше кездері болмаса қағазбастылыққа жол бермейміз", - дейді ол.

Оның айтуынша, тек бір ғана декларация беру туралы келісім қабылданған. Өзге ешбір құжат пен тауар-транспорттық анықтамалықтар талап етілмейді.

В.Гошиннің пікірінше, тауар өндіру операцияларын автоматты жетілдіру мүмкіндіктері туралы келісім құрылған.

"Яғни, қауіп тудырмайтын тауар өндіру кеденшінің жеке бас байланысы мен шаруашылық субъектінсіз атқарылады. Құжатқа қол қою қарсаңында келіссөз қатысушылары бірыңғай жалғыз құжат жасамақ. Онда барлық негізгі заңнамалар қамтылады", - дейді ол.

"Бірқатар ведомство министрлерінің орынбасары деңгейіндегі жұмыс тобы құрылды. Онда кәсіпкерліктер де қатысады", - дейді Владимир Гошин.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны