20.06.2014, 20:04 3025

ЭБЖМ мен Қаржы министрлігі жанында активтерді сатудың электронды алаңы жасақталады

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қаржы министрлігінің бірыңғай сауда алаңының жанынан активтерді сатудың электронды алаңын жасақтайды, деді ҚР Парламенті Палатасының бірлескен отырысында ҚР ЭБЖМ басшысы Ерболат Досаев.

Алматы. 20 маусым. Kazakhstan today. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қаржы министрлігінің бірыңғай сауда алаңының жанынан активтерді сатудың электронды алаңын жасақтайды, деді ҚР Парламенті Палатасының бірлескен отырысында ҚР ЭБЖМ басшысы Ерболат Досаев.

"Өткен жүз жылдықтың аяғында өткен заңдастырудың алғашқы легі бүгінгі экономиканы құруға мүмкіндік берді. 2014-2016 жылдарға арналған заңдастырудың кешенді жоспары шеңберінде мемлекеттік органдармен, жергілікті билік органдарымен, ұлттық холдингтермен заңдастыру бойынша арнайы комиссия жасақталды. Олар өздерінің жұмысын маусым айында бастады. Комиссия жұмысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында оған жергілікті кәсіпкерлер палатасының және Нұр Отан партиясының өкілдері енгізілді", - деді Е. Досаев.

"Сонымен қатар, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қаржы министрлігінің бірыңғай сауда алаңының жанынан активтерді сатудың электронды алаңын жасақтау туралы келісті", - деп ведомсвто басшысы атап өтті.

Бағалау қызметі туралы заңға сәйкес компанияның құнын бағалу жұмыстарына тәуелсіз бағалау компаниялары тартылады.

Ал, ірі компаниялар үшін халықаралық сарапшылар тартылып, олар компанияның нақты нарықтық құнын анықтап береді", - деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны