26.06.2012, 17:57 3334

ЭЫДҰ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы аграрлық саясатының шолуын әзірлеуді бастады

"Бүгін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірлеген "Қазақстанның Аграрлық саясаты" шолуын талқылау жөнінде дөңгелек үстел өтті", -делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы аграрлық саясатының шолуын әзірлеуді бастады.

"Бүгін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірлеген "Қазақстанның Аграрлық саясаты" шолуын талқылау жөнінде дөңгелек үстел өтті", -делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, Экномикалық ынтымақтастық және даму ұйымының "Бәсекелестік қабілеттіліктің еуразиялық бағдарламасы" атты жобасы ҚР Үкіметінің сұранысы бойынша елімізде қызмет етуде.

Аталған жоба Үкіметке тікелей шетелдік инвестицияларды әртараптандыру мен өсіру мәселелеріне қатысты, сонымен бірге, экономиканың барлық салаларының, соның ішінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша кеңес береді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жобаға қатысуы аясында елдегі агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және шетелдік инвестицияларды тарту өсімін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған болатын.

ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты күшейту және дамыту аясында Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі және ведомствоға қарасты құрылымдардың қолдауымен ЭЫДҰ 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасының аграрлық саясатының шолуын әзірлеуді бастаған болатын.

Қазақстанда аграрлық саясатқа шолу жасаудағы мақсаттардың бірі - өзге елдердің аграрлық саясатына халықаралық деңгейдегі мониторинг және талдау жүргізуге негіз құру болып табылады.

Дөңгелек үстел барысында айтылғандай, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының әдістемесі бойынша, шолу әр екі жыл сайын жүргізіліп отыруы керек және ауыл шаруашылығы нарығындағы негізгі өндірушілерге көрсетілетін қолдау деңгейін анықтайды.

Аграрлық саясатқа жүргізілетін осындай шолулар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің барлығында, сонымен қатар, Бразилия, Қытай, Ресей, Украина және ОАР сияқты ұйымға мүше емес бірқатар елдер үшін бірыңғай стандарттар бойынша әзірленеді.

Дөңгелек үстел барысында Шолудың алдын ала нұсқасы көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны