30.11.2016, 09:49 6558

"Екібастұз 1-МАЭС" ЖШС-де құны 18,0 млрд. теӊге болатын модернизациялау жобасы аяқталды

"Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - белгіленген қуаттылығы 4000 МВт болатын, электр энергиясын өндірумен және таратумен айналысатын, конденсациялық типтегі жылу электр станциясы.

Павлодар. 30 қараша. Kazakhstan Today - "Екібастұз 1-МАЭС" ЖШС-де инвестициялық модернизациялау және қайта жаӊғырту бағдарламасыныӊ шеӊберінде құны 18,0 млрд. теӊге болатын ашық тарату құрылғысын модернизациялау жобасы аяқталды (АТҚ-500 кВ), деп хабарлайды мекеме.

АТҚ-500 кВ модернизациялануы шағын Екібастұз 1-МАЭС сенімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

1-ЕМАЭС үшін АТҚ-500 кВ Қазақстанныӊ ұлттық электр желісініӊ (ҰЭЖ) жұмысы үшін маӊызға ие. АТҚ-500 кВ-тан жүйелік операторға ("KEGOC" АҚ) тиесілі болатын ірі деген алты ВЛ 500 кВ таралады әрі Қазақстан мен Ресейді қатыстыратын мемлекетаралық электр тарату желілері арқылы тасымалдануларын қоса санағанда, аймақтағы қуат пен қуаттылық ағындарын қамтамасыз етеді.

2012 жылдыӊ қарашасынан бастап құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде әбден тозығы жеткен өшіргіштерді элегаз өшіргіштеріне айырбастау, өлшеуіш тоқ және кернеу трансформаторларын, ажыратқыштарды айырбастау жұмыстары орындалды. № 8 энергоблокқа жекелей қосу үшін қосымша үш ұяшыққа АТҚ-500 кВ ұлғайту жұмыстарды орындады. Ст. №№ 5, 6, 7, 8 энергоблоктарыныӊ жоспардан тыс өшірілулеріне жол бермеу үшін, жалпы ұзындығы 10 119 м болатын ст. № 5 мен ст. № 7, энергоблоктарына арналған 500 кВ кернеуімен кәбіл желісін төсеу жолымен екі энергоблоктан бір өшіргішке қосылуды "үлестіру" бағдарламасы бағдарлама іске асырылды.

Жобаныӊ шеӊберінде замануи жабдықтар қолданылды - элегаз өшіргіштері, шунтирлегіш реакторлар, релелік қорғаны және автоматиканыӊ микропроцессорлық құрылғылары, электр жабдықтарын және тағы басқаларын монтиорингілеу және жұмысын бақылау жүйесі.

Жобаныӊ іске асырылуы электр жабдықтарыныӊ қызмет мерзімін ұзартады, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудыӊ сенімділігін жоғарылатады, сондай-ақ пайдалануға жұмсалатын шығындарды азайта түседі.

"Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - белгіленген қуаттылығы 4000 МВт болатын, электр энергиясын өндірумен және таратумен айналысатын, конденсациялық типтегі жылу электр станциясы. ЕМАЭС-1 станциясын "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы иеленіп отыр. Станцияныӊ пайдаланатын негізгі отыны - Екібастұз кен орындарынан өндіріліп шығарылған тас көмір. Станцияда өндіріліп шығарылған электр энергиясыныӊ басым бөлігі Қазақстанныӊ энергетикалық нарығында үлестіріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны