05.09.2016, 11:16 2161

Е-коммерцияны дамытудағы Қытай тәжірибесі Қазақстанныӊ қызығушылығын тудыруда - Б.Сағынтаев

Бұл ретте Қытай тарапы "Интернет+" бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстанмен ынтымақтастықты реттеуге, интернет-сауда, интернет-индустрия, жаӊа сандық технологиялар, желілік базалар саласында ынтымақтастықтыӊ жаӊа тетіктерін өӊдеуге әзір екенін білдірді.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Электрондық сауда саласы Қазақстан экономикасыныӊ нақты секторларын дамытудыӊ маӊызды салаларыныӊ бірі болып табылады, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орныбасары Бақытжан Сағынтаев ҚХР Чжэцзян провинциясыныӊ Ханчжоу қаласындағы "JUMORE E-commerce Co., Ltd" басқармасыныӊ төрағасы Лу Хунсянмен кездесу барысында, деп хабарлады Премьер-Министрдіӊ ресми сайты.

"Сарапшылардыӊ бағалауынша, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін логистика және электрондық коммерция орталығына айналып, е-коммерция үлесін жалпы әлемдік көрсеткішке яғни, елдегі бөлшек сауданыӊ жалпы көлемініӊ 4 пайызына жеткізе алады. Бұл үшін логистика тәсілдерін қайта қарап, тауарлар жеткізу желісін дамытып, банк қызметтер спектрін кеӊейту қажет", - деді ол.

Б. Сағынтаев Қазақстан бірнеше жыл бойы индустриялық -инновациялық даму жоспарын іске асырып келе жатқанын атап өтті.

Оныӊ айтуынша, е-коммерцияны дамытудағы Қытай тәжірибесі Қазақстанныӊ қызығушылығын тудыруда. Бұл ретте Қытай тарапы "Интернет+" бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстанмен ынтымақтастықты реттеуге, интернет-сауда, интернет-индустрия, жаӊа сандық технологиялар, желілік базалар саласында ынтымақтастықтыӊ жаӊа тетіктерін өӊдеуге әзір екенін білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны