12.02.2015, 15:44 4191

Экономиканы долларсыздандыру шараларыныӊ бірі қолма-қол ақшасыз төлеуді дамыту болмақ - Қ.Келімбетов

Экономиканы долларсыздандыру бойынша шаралар аясында қолма-қол ақшасыз төлемдерді айтарлықтай арттыру және көлеӊкелі айналымды қысқарту қарастырылған, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Ұлттық банкініӊ төрағасы Қайрат Келімбетов

Астана. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Экономиканы долларсыздандыру бойынша шаралар аясында қолма-қол ақшасыз төлемдерді айтарлықтай арттыру және көлеӊкелі айналымды қысқарту қарастырылған, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Ұлттық банкініӊ төрағасы Қайрат Келімбетов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Басқа бағыт қолма-қол ақшасыз төлеуді дамыту және көлеӊкелі айналымды қысқарту болмақ", - деді Қ.Келімбетов, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Ол бүгінгі таӊда Қазақстанда барлық төлемдердіӊ 93% қолма-қол ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізілетінін айтты.

"Бұл кез-келген жағдай үшін айқын жағдай, өйткені барлық төлемдер салық салудан тыс, көлеӊкеде қалады. Біз төлемдер доллармен де жүргізіледі деп есептейміз, оған валюталық банктік емес айырбастау пункттерініӊ желісі көмектеседі. Сондықтан, біз доллармен, шартты бірлікпен белгіленген бағаларды ретке келтіру арқылы мұнда тәртіп орнату керек деп есептейміз", - деп баса айтты ол.

Қ.Келімбетов түсіндіргендей, долларсыздандыру доллар валютасына тиым салуды көздемейді.

"Ұлттық валюта теӊге құн өлшемі, төлем өлшемі ретінде лайықты орын алуы тиіс. Ол үшін бірнеше бағытта шаралар әзірленеді. Біріншіден, жылдық инфляцияны кезеӊ-кезеӊмен төмендету бойынша іс-шаралар әзірлеу арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, 2020 жылға қарай инфляцияны 3-4% дейін төмендетеміз деп болжап отырмыз", - деді ол.

Ұлттық банк басшысыныӊ болжамынша, теӊге өтімділігін қажет ететін экономика сегменті пайда болуы тиіс, қазақстандық қамтуды арттыру арқылы сұраныс пен ұсыныс жасалады.

"Оған қазақстандық экономикалық саясат түгелдей "Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ ҰЭС бастап, ҮИИДМБ, экономиканы әртараптандыру бойынша барлық шаралар арналған", - деп нақтылады ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны